Новости клуба

03 февраля Георги Чихрадзе: "Маусым басында біз сақадай сай болуымыз керек» Георги Чихрадзе: "Маусым басында біз сақадай сай болуымыз керек»
"Ордабасы" командасы бас бапкерінің көмекшісі Георги Чихрадзе клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында ойыншылардың функционалдық дайындығы, ойын үлгісі және команданың жаңа құрамы  туралы айтып берді: 

-Оқу-жаттығу жиындары қалай өтуде? 
- Шымкентте өткен бірінші жиынға ойыншылар әр түрлі жағдайда келді.Себебі өткен маусымда бір футболшылар толық маусымды ойнады,кейбіреулердің ойын тәжірибесі аз болды. Шымкенттегі дайындық кезеңі барлығы ойыншылардың физикалық дайындығын жетілдіріп,маусымның басында ойын жоспарына дайын болу үшін тереңдетілген жұмыс жасалды.Негізгі бағыт функционалдық дайындыққа бағытталды.Түркиядағы екінші жиынға келетін болсақ, біздің басты міндетіміз алаңдағы ойын байланыстарын ретке келтіру,сонымен қатар команданы ұжым ретінде қалыптастырып,бір мақсатқа жұмылдыру. 

- Физикалық жүктемелер мен теориялық сабақтар қалай үйлесуде? 
- Дайындыққа, жаттығуға және толыққанды демалуға басты назар аударылады.Бізде жаттығудан кейін әрдайым теориялық жоспарларды жүзеге асырудың мүмкіндігі бар. Теориялық сабақтарды күн сайын өткіземіз, мысалы, өткен ойынды талдап немесе қарсыласымызды сараптаймыз.Сондай – ақ,біздің дайындығымыздың барысы жайында да пікір алмасамыз.Осы жұмыстардың барлығы бір қатарда жүріп жатыр. 

- Ойыншыларды тең дәрежедегі функционалдық жағдайға қалай келтіруге болады? 
-Заманауи технологиялар бізге ойыншыларды бақылауға мүмкіндік береді.Олардың мүмкіндіктерін сол құралдар арқылы білеміз.Функционалдық жағдайын бақылаймыз,кей жерде жүктемелермен жеке жұмыс істеуге тырысамыз. Басқа да дайын емес ойыншылар болса, оларды жетілдіру мақсатын қоямыз. Біздің командадағы дене шынықтыру жаттықтырушылары -Милош Йевтич, Тимур Иксанов, сондай - ақ жаттықтырушы-талдаушы Игорь Зайцев, жаттығу процесін Catapult жүйесі арқылы бақылауға мүмкіндік жасайды.Сондықтан командалық жаттығулардан басқа жеке ойыншыларға да арнаулы жүктемелер беріліеді. Осының арқасында біз ойыншыларды, жарақаттан кейін немесе қандай да бір сала бойынша, артта қалғандарды, жаңадан келген футболшыларды толық бақылай аламыз. 

- Бақылау ойындарынан кейін қандай қорытынды жасайсыз? 
-Мақсат әр түрлі, бұл жаңа футболшылардың өткен жылы бізде ойнаған футболшылармен бірлесуі.Әрине, жастардың басқа ойыншылармен бәсекелесуіне және дамуына жол ашу.Құрамды жасақтау әлі аяқталған жоқ.Сондықтан жаңа футболшылар бас бапкердің талаптарына дайын болуы керек, біздің ойын моделі мен түрлі жүйелерді түсінуі керек. Біз құрамды жинақтап, дайындығы жетілген футболшылармен жұмыс істеуіміз керек.Үшінші жиындағы негізгі құрамды анықтап,солармен көбірек жұмыс жасаймыз.Маусымды сәтті өткізу үшін оңтайлы түрде ойын сапасына назар аударудамыз. 

- Жас ойыншылар негізгі команданың деңгейіне сәйкес келе ме? 
- Оларға әрдайым, функционалдық жүйеде, сондай-ақ техникалық тұрғыда және ойынды түсінуге ықпал ету. Жаттықтырушылар штабы мен тәжірибелі ойыншылардың көмегімен олар барлық жағынан жұмыс істеп, дамуына ықпал жасап жатырмыз. Бізде өткен жылдан бері командада жас футболшылардың қатарын көбейту мақсатын қойып жатырмыз. Әрбір сынақ кезінде олар жан-жақты, бәсекеге қабілетті екендіктерін дәлелдеуге тырысуда. Біз оларға мүмкіндік береміз және олар соны дұрыс пайдалану керек. 

- Ойынның әр түрлі үлгілерін дайындаңыз ба? 
- Біз өткен маусымда бірнеше ойын сызбасын пайдаландық.Негізгі жүйе (5-3-2) болды.Яғни,бес қорғаушы,үш орталық қорғаушы және екі шабуылшы. Осы жүйемен шамада біз 60% ойындарды өткердік. Сондай-ақ (3-4-3) және (4-2-3-1) схемасы да пайдаланылды. Әрине, негізгі мақсатты ұстана отырып басқа жүйені де қолданатын боламыз.Бірақ біз әлі де алға қойған міндеттерді, жағдайды және ойыншыларды ескере отырып, оны түрлендірдік. Алдағы маусымда біз әр түрлі бағыттарда ойнайтын боламыз. Себебі,бір үлгіні ұстану, бұл ең жақсы нұсқа емес, себебі қарсылас оған бейімделеді. Сондықтан барлығын жақсы жаққа өзгертуге тырысу керек. 

- Қазіргі уақытта қандай позицияларды нығайтуға күш салып жатырсыздар? 
- Селекциялық сұрыптау команда құрудағы ең маңызды процестердің бірі деп есептеймін. Жоғары міндеттер қойылған кезде команда, маусымнан маусымға дейін дамуы және нығаюы бақылауда болады. Жас ойыншыларды күшейтуді талап ететін позицияларды сақтауға және нығайтуға тырысу керек. Тағы да қайталаймын, бізде әлі толыққанды негізгі құрам жоқ және нығайту қажет.Тағы үш-төрт позицияны күшейту қаралуда. Құрама команда өткен жылға қарағанда күштірек болуы және барлық желілерде бәсекелестікке төтеп бере алатындай болуы керек.Үшінші жиында шабуылшы ойыншылар, орталық қорғаныс , соңғы қорғаушылар мен қақпашының позицияларын күшейту көзделуде. 

- "Ордабасы"командасы, қаржылық жағдайы өзінен мықты клубтармен бәсекелестік орната алады ма? 
- Осындай клубтармен бәсекелесу үшін барлығын жоспарлы түрде және үнемелі түрде жасау керек. Клубта тұрақтылық болу керек.Бүгінгі күні нәтижеге қол жеткізгісі келген, алға жылжу және үлкен міндеттерді шешу үшін белгілі бір дәрежедегі жұмыстар бар. Команданың әр кезеңде дамуы үшін, құрамның жақсаруы мен күшеюі және тағы да көптеген маңызды факторлар болуы керек. Егер біз барлығымыз дұрыс жұмыс істегіміз келсе,айталық басшылық, бапкерлер, футболшылар жұмылар болса,белгілі бір уақыттан кейін қажетті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндіктер туады. 




comments powered by HyperComments

Матч-центр