Новости клуба

16 января Кахабер Цхададзе: «Жас ойыншыларға өзін дәлелдеуге мүмкіндік бар» Кахабер Цхададзе: «Жас ойыншыларға өзін дәлелдеуге мүмкіндік бар»
«Ордабасы» командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе алғашқы оқу-жаттығу жиынының міндеттері туралы өз ойымен бөлісті:

- Біріншіден, барлық жанкүйерлерді кіріп келген жаңа жылмен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық және сәттілік тілеймін! Енді «Ордабасы» командасының жаңа маусымға арналған алғашқы оқу-жаттығу жұмыстарына тоқтала кетсем. Команда құрамына қосылуға ниет білдірген жас футболшылар мен жергілікті ойыншыларымыз медициналық тексерістен өтті. Енді шет елдердегі легионерлеріміз қосылады. Өткен жылы біз Шымкентте алғашқы оқу-жаттығу жиынын сапалы өткіздік. Онда біз жемісті түрде жұмыс істедік. Соның да нәтижесінде чемпионатты үшінші орынмен сәтті аяқтадық деп ойлаймын. Сондықтан, біз биыл жылы да дайындыққа өзгеріс енгізген жоқпыз. Біз табиғи түрде барлығын біртіндеп қалыпқа келтіреміз. Дене күштерін жетілдіруге және бастысы - функционалды күйді ретке келтіруге көп күш саламыз. Қазір біз клуб президенті және спорт директорымен ақылдаса отырып жаттығуға көптеген жергілікті жас футболшыларды тарттық. Өздеріңіз жақсы білесіздер былтырғы осындай жұмысымыздың нәтижесінде төрт футболшы «Ордабасы» командасының негізгі құрамында өнер көрсетті. Атап айтқанда олар, Максим Ваганов, Эльхан Астанов, Әділхан Добай және Аслудин Хаджиев. Сондықтан, биылда жас ойыншыларға өздерін дәлелдеуге толық мүмкіндіктер бар. Сынақтан сүрінбей өткендерді міндетті түрде командаға аламыз. Бұдан әрмен 23 қаңтардан Түркияда екі рет оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. 24 ақпанда біз Шымкентке оралып, чемпионатқа толық құрамда дайындаламыз.




comments powered by HyperComments

Матч-центр