Новости клуба

03 ноября «Ордабасы» Атырауда айқын жеңіске қол жеткізді «Ордабасы» Атырауда айқын жеңіске қол жеткізді

Атырау - Ордабасы 1:3 (1:1) 
Голы: Гжельчак Петр 12 (1:0), Пауло Жоао 42 (1:1), Щеткин Алексей 87 (1:2), Бадибанга Зиги 90+2 (1:3) 
Предупреждения: Досмагамбетов Тимур 52, Жангылышбай Тохтар 73 
Удаление: Бруно Алекс 73 


Атырау: Маркович Антун, Абдулавов Исламнур, Аблитаров Ризван, Бруно Алекс, Гжельчак Петр, Калмуратов Куаныш, Абдрахманов Эльдар, Оспанов Рафаиль, Сергиенко Эдуард (к), Устинов Виталий (Родионов Алексей 82), Шабаев Андрей 
Резерв: Волкагонов Владимир, Джуматов Ринат, Жумаханов Адилбек, Кайраллиев Даурен, Калменов Нурболат, Макуов Айболат, Сатанов Санжар, Тастанбеков Сабит 

Ордабасы: Непогодов Дмитрий, Даутов Дамир, Диакате Абдуллай, Досмагамбетов Тимур, Жангылышбай Тохтар (Щеткин Алексей 81), Малый Сергей, Махлангу Май Сифиве, Механович Мирзад (Шамши Самат 90+3), Бадибанга Зиги, Пауло Жоао (Хаджиев Аслудин 90), Фонтанелло Пабло (к) 
Резерв: Адырбеков Талгат, Быстров Марат, Ваганов Максим, Ерланов Темирлан, Жаксыбаев Улар, Шайзада Бекхан 

Главный судья: Айдын Рахимбаев, Сергей Васютин (оба - Алматы), Ернар Кусаинов (Нур-Султан). Резервный судья: Руслан Султангалиев (Атырау). 
03 ноября, 2019, 15:00. Атырау, "Мунайшы". 2000 зрителей. 

Чемпионаттың қандайда бір медалі үшін таласып жатқан «Ордабасы» үшін жеңіс, ауадай қажет болатын. Ойын алаң иелерінің шабуылымен басталды. Қонақтар команда болып қорғаныста қарсыласа алмады. Ойынның 12 минутында Петр Гжельчак баспен бағыттап Дмитрий Непогодовты қапы қалдырды. Есеп 1:0. Дегенмен бұл соққыдан тез есін жиған шымкенттіктер түгелдей қарымта қайтаруға ұмтылды. Осы бір жерде жойқын Жанғылышбай бір емес екі рет қақпа бағанасын дәл көздеді. Мұндай шабуылдар ұзамай гол болатынын аңғартады. Ойынның бірінші кезеңі аяқталар тұста Жоао Пауло айып алаңының сыртынан, барлық бразилиялық футболшылардың стильімен допты айналдыра теуіп қақпа торына дәл түсірді. Есеп 1:1. 
Ойынның екінші кезеңі «Атырау» командасына қарағанда бір бас жоғары тұрған «Ордабасы» футболшыларының шабуылымен жалғасып отырды. Осындай бір шабуыл кезінде Тимур Досмағамбетовтің сол қанаттан шығарған добын жарақатынан толық айығып, қатарға қайта қосылған Алексей Щеткин қайыра соғып есепті ұлғайтты. Есеп 1:2. Кескілескен ашық футболдың мәнін өрескіл ойынымен көзге түсіп, алаңнан қуылған Алекс Бруно бүлдірді. Он ойыншысы қалған алаң иелері қорғанысқа жатып алды. Осы кезде шамамен 30 метрдей жерден соққы жасаған Зиди Бадибанганың добы қақпадан бірақ шықты. Қақпашы Антун Маркович қанша ұмтылғанымен, оқтай атылған жойқын соққыға тосқауыл қоя алмады. Есеп 1:3. 
Тамаша жеңіс! Бұл чемпионаттың қола медальін жеңіп алуға жасалған тағы бір қадам болды. Бар мәселе 10 қараша күні Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда өтетін «Ордабасы» -«Тараз» матчында белгілі болды. Барлық жанкүйерлердің қолдауымен жерлестеріміз жеңіске жетеді деген ойдамыз. Алға, «Ордабасы»!   



comments powered by HyperComments

Матч-центр