Новости клуба

29 сентября «Ордабасы» Алматыда жеңіліс тапты. «Ордабасы» Алматыда жеңіліс тапты.

Кайрат - Ордабасы 4:1 (2:0)
Голы: Эсеола Адеринсола 41 (1:0), Эппель Мартон 45+2 (2:0), Эппель Мартон 69 (3:0), Досмагамбетов Тимур 84 (3:1), Швырев Вячеслав 90+1 (4:1)
Предупреждения: Куат Исламбек 68, Дугалич Раде 71

Кайрат: Покатилов Стас, Алип Нуралы, Вржещиньский Конрад (Швырев Вячеслав 70), Дугалич Раде, Исламхан Бауыржан (к) (Косович Небойша 78), Куат Исламбек (Жуков Георгий 68), Миканович Дино, Абикен Айбол, Суюмбаев Гафуржан, Эппель Мартон, Эсеола Адеринсола
Резерв: Астанов Султанбек, Кейлер Сергей, Оразов Рамазан, Плотников Владимир, Политевич Сергей, Тунгышбаев Еркебулан

Ордабасы: Непогодов Дмитрий, Быстров Марат (Пауло Жоао 46), Даутов Дамир, Диакате Абдуллай, Досмагамбетов Тимур, Жангылышбай Тохтар (Астанов Эльхан 74), Малый Сергей, Махлангу Май Сифиве, Механович Мирзад (Ковальчук Кирило 36), Бадибанга Зиги, Фонтанелло Пабло (к)
Резерв: Адырбеков Талгат, Жаксыбаев Улар, Коробкин Валерий, Шайзада Бекхан, Шамши Самат, Щеткин Алексей

Главный судья: Бахыт Кызылбаев (Актобе). Ассистенты: Дулат Советханулы (Семей), Дмитрий Будниченко (Экибастуз). Дополнительные ассистенты судей: Григорий Московченко (Павлодар), Сергей Ноженко (Талдыкорган). Резервный судья: Сергей Васютин (Алматы).
29 сентября, 2019, 19:00. Алматы, "Центральный". 10000 зрителей.

Екі команданың ойыны ежелден тартысты өтері белгілі. «Ордабасы» командасын қолдау үшін осында білім алып жатқан шымкенттік жастар көптеп жиналды. Матчты қонақтар шабуылмен бастады. Тимур Досмағамбетов алаң ортасынан, айып алаңында оңтайлы тұрған Тоқтар Жанғылышбайға тамаша паc шығарды. Қақпашымен жеке шыққан Тоқтарға дәлдік жетіспей қалды. Тіпті сол жағында оданда оңтайлы тұрған Зиги Бадибангаға шығарғанда есеп ашылар еді. Дегенмен ойын бастала салысымен жарақат алып қалған Мирзад Механович бас бапкер Кахабер Цхададзенің бар жоспарын өзгертуге тура келді. Есесіне алаң иелері дәл осындай мүмкіндікті қолдан шығармады. Гафуржан Суюмбаевтың шығарған добын айып алаңында тұрған Адеринсола Эсеола жойқын соққымен қақпаға бағыттады. Есеп 1-0. Бұдан соң «Ордабасы» қолда тұрған мүмкіндікті шығарып алды. Бірінші таймның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда бұрыштан берілген Бауыржан Исламханның добын айып алаңында ешбір қорғаушының қарауынсыз қалған Мартон Эппель баспен бағыттап Дмитрий Непогодов қорғаған қақпаның торын тулатты. Есеп 2-0. Мынадай ескеретін жайт бар, «Қайрат» командасының жанкүйерлері өз алаңында ойнаған кезде көктен жаңбыр жауғанын қалайды екен. Өйткені Алматының ақ жаңбыры алаң иелерінің жеңіп шығуына қолайлы көрінеді. Дәл солай болды да. Себелеп жауған жаңбырдан қуат алған алматылықтыр тағы бір гол салуға қол жеткізді. Бүгін ерекше ойынымен көзге түскен Мартон Эппель екінші голын салды. Есеп 3-0. Тығырықтан команданы алып шығады деп үміт артып алаңға шығарған Эльхан Астановтың аяғы тайып құлаумен болды. Кезекті шабуыл кезінде «Ордабасы» ойыншыларын алаң иелері жиі өрескелдікпен тоқтатты. Осындай айып соққысын орындаған Тимур Досмағамбетовтың жойқын соққысы қақпа төрінен табылды. Жоғары техникамен Мессидің стилінде орындалған соққы өз жемісін берді. Есеп 3-1. Дегенмен қахарына мінген «Қайрат» шабуылдауын тоқтатпады. Осындай шабуылдың бірінде сол қанаттан берілген әуедегі допқа алмасып кірген жас футболшы Вячеслав Швырев бұрын жетіп, баспен бағыттап төртінші голдың авторы атанды. Есеп 4-1.
Осы есеп ойын соңына дейін өзгеріссіз қалды. Енді «Ордабасы» 6-қазан күні, өз алаңында «Астана» футболшыларын қабылдайды. Бұл шешуші ойын болмақ. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!




comments powered by HyperComments

Матч-центр