Новости клуба

27 сентября «Ордабасы» командасы жанкүйерлерінің назарына! «Ордабасы» командасы жанкүйерлерінің назарына!
Футболдан Премьер-лига командаларының 28-турдағы ойындарында Шымкенттің «Ордабасы» командасы Алматы қаласында атағы алысқа кеткен «Қайрат» футболшыларымен күш сынасады. 

Осыған орай «Ордабасы» командасының жанкүйерлерін, Алматы қаласында білім алып жатқан жастарды, осында тұратын барлық жерлестерімізді өз командасын бірге қолдауға шақырамыз! 

Осы матч «Ордабасы» командасының чемпионаттағы жоғары орындардың бірін жеңіп алуына қадам жасайтын кездесу болмақшы. 

 
Аса тартысты кездесу 29-шы қыркүйек, жексенбі күні кешкі сағат 19:00 де басталады. 
 
Алға «Ордабасы»! Жеңістің жолын жалға! 
 



comments powered by HyperComments

Матч-центр