Новости клуба

22 сентября «Ордабасы» өз алаңында ірі есепке қол жеткізді. «Ордабасы» өз алаңында ірі есепке қол жеткізді.

Ордабасы - Актобе 4:1 (2:0) 
Голы: Щеткин Алексей 15 (1:0), Досмагамбетов Тимур 44 (2:0), Ажимов Алишер 65 (2:1), Ерланов Темирлан 71 (3:1), Ковальчук Кирило 90 (4:1) 
Предупреждение: Толебек Мардан 83 


Ордабасы: Шайзада Бекхан, Досмагамбетов Тимур, Ерланов Темирлан, Коробкин Валерий, Махлангу Май Сифиве, Механович Мирзад (Шамши Самат 73), Пауло Жоао, Толебек Мардан, Фонтанелло Пабло (к), Бадибанга Зиги (Ковальчук Кирило 55), Щеткин Алексей (Жангылышбай Тохтар 70) 
Резерв: Адырбеков Талгат, Астанов Эльхан, Ваганов Максим, Добай Адильхан, Жаксыбаев Улар, Непогодов Дмитрий 

Актобе: Трофимец Игорь, Волков Виталий, Жасанов Есен (Кукеев Жамбыл 80), Каиров Багдат, Какимов Асланбек, Кицак Александр, Пиззелли Маркос (к), Саулет Ардак (Батырханов Нурболат 86), Танжариков Адильхан, Ажимов Алишер, Шурыгин Антон (Сахибов Рустам 70) 
Резерв: Тамабай Мухамбет, Темирхан Рустам, Уксумбаев Рустам 

Главный судья: Асхат Абданбаев (Тараз). Ассистенты: Алексей Шабанов, Нурлан Джаспенов (оба - Алматы). Резервный судья: Жандос Абжан (Шымкент). 
22 сентября, 2019, 18:00. Шымкент, стадион им. Кажымукана. 3200 зрителей. 

Кездесу алаң иелерінің басымдығымен басталды. Ойынның шамамен 15 минутында Жоаоның қақпаға бағыттаған добы қақпа бағанасынан кері серпілді. Осы допты қайыра соққан Алексей Щеткин керемет гол салды. Есеп 1-0. Ойынның бірінші кезеңінің аяқталуына 1 минуттай уақыт қалғанда Зиги Бадибанганың сол қанаттан жасаған шабуылына айып алаңында тұрған Тимур Досмағамбетов нүкте қойды. Есеп 2-0. 
Екінші таймда қонақтар бүкіл команда болып алға ұмтылды. Нәтижесінде Алишер Ажимов қорғаушылардың бақылауынсыз қалып есеп айырмасын қысқартты. Есеп 2-1. Арада аз уақыт өтпей Темірлан Ерланов қақпашы Игорь Трофимецтің қолынан қайтқан допты қақпаға бағыттап гол салды. Есеп 3-1. Осы матч басталар тұста, клуб басшысы Бақтияр Байсейтов футболшыларға сәт-сапар тілеп, бүгін отбасында сүйікті қызы Салтанаттың туған күні екендігін, осыған байланысты футболшыларға көңіл-күйін бұзбауын сұранған еді. Сонда Кирило Ковальчук осы қуанышқа арнайы сый жасайтынын мәлімдеген болатын. Ойынға алмасып шыққан ол айтқан сөзінде тұрып тамаша сый жасады. Төртінші голдың авторы атанды. Есеп 4-1. Осы есеп ойын соңына дейін өзгермеді. Осылайша «Ордабасы» өз алаңында ірі есепке қол жеткізді. 



comments powered by HyperComments

Матч-центр