Новости клуба

18 августа Тоқтар Жаңғылышбай: "Ойын біз күткендей қиындық туғызбады" Тоқтар Жаңғылышбай: "Ойын біз күткендей қиындық туғызбады"
"Ордабасы" командасының шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай "Оқжетпес"-"Ордабасы" - 0:4 матчынан кейін ойын жайлы, ойын айтты:  

- Ойын біз күткендей аса қиындық туғыза қоймады. Біз бірінші таймда екі жылдам гол соғуға қол жеткіздік. Осының нәтижесінде қалған уақытта толықтай басымдыққа ие болдық . "Оқжетпес" негізінен жақсы ойнады. Допты бақылауда ұстап, өткір шабуылдар ұйымдастыруға әрекеттер жасады. Бірақ біз өз футболымызды ойнадық, қорғаныс сыр бермеді. Соның нәтижесінде бастамаға ие болып, лайықты жеңіске жеттік. Енді біз үйімізде, өз алаңымызда өтетін келесі ойынға дайындаламыз. Сол ойында да жеңіске жетеміз деп асығып барамыз. 


Тохтар Жангылышбай: «Игра была не такая тяжелая, как мы ожидали». 

Нападающий «Ордабасы» прокомментировал матч 23 тура Премьер-лиги «Окжетпес» - «Ордабасы»- 0:4. 

- Игра была не такая тяжелая, как мы ожидали, нам удалось забить два быстрых гола в первом тайме и из-за этого стало легче в дальнейшем в матче. «Окжетпес» же в принципе играл неплохо, был контроль мяча, острые атаки были на хорошем уровне, но мы играли в свой футбол, владели инициативой и заслуженно одержали победу. Теперь будем готовиться к следующему матчу, который пройдет на нашем домашнем стадионе. Мы идем дальше за следующей победой. 




comments powered by HyperComments

Матч-центр