Новости клуба

09 августа «Кеншілерге» қарсы ойынның бас төрешісі — Чесноков «Кеншілерге» қарсы ойынның бас төрешісі — Чесноков

11 тамыз күні «Ордабасы» Премьер-лиганың 22-туры аясында сырт алаңда Қарағандының «Шахтерімен» күш сынасады. Және дәл осы ойынға өскемендік Игорь Чесноков төрелік ететін болады.

Айта кететін жайт, Чесноков осы маусымда біздің команданың екі ойынында бас төреші болған. Алғашқысы 6 сәуір күні Премьер-лиганың 4-турындағы «Ордабасы» - «Жетісу» ойыны, бұл матч 1:0 есебімен біздің пайдамызға шешілген болатын. Ал екінші кездесу де өз алаңымызда, мамыр айының 31-і күні, 13-ші тур аясында көкшетаулық «Оқжетпеске» қарсы өтіп, мұнда да біздің команда сенімді үш ұпайға қол жеткізген болатын, есеп 3:0.

Бас төрешіге Андрей Попов (Павлодар) пен Станислав Лесив (Семей) көмектессе, қосалқы төреші қызметін қарағандылық Андрей Марсал атқаратын болады. Ал инспектор болып Игорь Хисамутдинов (Павлодар) тағайындалды.




comments powered by HyperComments

Матч-центр