Новости клуба

31 июля Николай Комличенко: «Ертең жақсы ойын күтемін» Николай Комличенко: «Ертең жақсы ойын күтемін»
Чехиялық «Млада-Болеславтың» ресейлік шабуылшысы Николай Комличенко ойын алдындағы баспасөз жиынын өткізді.  

— Шымкенттегі климаттық жағдай сіздердің ойындарыңызға əсер етуі мүмкін бе?  
— Иə. Чехиядағы ауа-райында ойнау сəлде болса ыңғайлырақ, бірақ «Ордабасыға» да оңайға соға қоймас жəне біз бірдей жағдайда ойнайтын боламыз. Бұл матч нəтижесіне қатты əсерін тигізбейді деп есептеймін.  

— Сіздер «Ордабасы» мен жалпы Қазақстан чемпионатын қалай ерекше атап өтер едіңіздер? 
— Чемпионатты бағалай алмаймын, өйткені бұл елдің командалары маған атарлықтай таныс емес. «Ордабасыға» келсек — қорғанысы мығым, жақсы команда, құрамында жылдам, техникасы жоғары деңгейдегі футболшылар бар, сондықтан оларға қарсы ойнау оңай емес. 

— «Ордабасы» үш орталық қорғаушымен өнер көрсетеді, жəне барлығы да ірі денелі, оларға қарсы ойнау қиын ба? 
— Иə, осындай заңдылық бар, ұзынбойлы қорғаушыларға қарсы екінші қабатта ойнау қиын. Сондықтан біз басқа жолын іздейтін боламыз. 

— Соңғы матчтың қорытындысында, сіздердің əріптестеріңіз «Ордабасы» қақпашысының ойынын атап өткен болатын, қарсылас құрамындағы өзге қай ойыншыны бөліп айта аласыз?  
— Команда капитаны өте сенімді ойнайды. Оның көшбасшы екені көрініп тұр. Иə, қақпашы да маған ұнады, ол командасын бірнеше мəрте құтқарып қалды, жəне бұл өзге ойыншыларға сенімділік берді деп ойлаймын, себебі оның сейвтерінен кейін, команда мықтырақ ойнай түсті.  

— Өткен матчта сіз «Ордабасы» қақпасына гол соқтыңыз. Алдағы ойыннан не күтесіз? 
— Чехиядағыдай жақсы ойын күтемін. Соңғы минуттарға дейінгі талас-тартысты күтемін, ойын жанкүйерлердің көңілінен шығады деген ойдамын.  


Николай Комличенко: «Ожидаю завтра хорошей игры»

Российский форвард чешской «Млада-Болеслав» Николай Комличенко ответил на вопросы журналистов во время предматчевой пресс-конференции, приуроченной к ответному матчу с «Ордабасы». 

— Могут ли повлиять климатические условия в Шымкенте на вашу игру?
— Ну, да. В Чехии немного мягче ситуация обстоит в плане погодных условий, но, думаю, что «Ордабасы» тоже будет непросто и мы находимся в равных условиях. Считаю, что на результат это сильно не повлияет. 

— Как вы можете выделить «Ордабасы» и в целом казахстанский чемпионат?
— Оценивать чемпионат я бы не стал, потому что мне не сильно знакомы команды отсюда. Что касается «Ордабасы» — это хорошая команда, с хорошей организацией в обороне, есть быстрые футболисты, есть техничные игроки, поэтому с ними непросто играть. 

— «Ордабасы» играет в три центральных защитника, все они достаточно габаритные, сложно ли им противостоять?
— Да, есть такая специфика, что против высокорослых защитников тяжело играть на втором этаже. Поэтому мы будем искать другие подходы. 

— По итогам прошлого матча ваши одноклубники отметили игру вратаря «Ордабасы», есть ли другие игроки в составе соперника, которых вы 
можете выделить?
— Капитан команды очень уверенно играет, спокойно. Видно, что он лидер. Да, и вратарь тоже мне понравился, он спас команду несколько раз и, думаю, что это и другим игрокам придало уверенности этими моментами, спасениями и команда стала получше играть, добавило эмоций ей. 

— В предыдущем матче вы забили гол в ворота «Ордабасы». Чего теперь ожидаете от этой игры?
— Ожидаю такой же хорошей игры, как это было в Чехии. Жду много борьбы, игру до последней минуты, думаю, что болельщикам понравится игра.




comments powered by HyperComments

Матч-центр