Новости клуба

31 июля Йозеф Вебер: «Ордабасы» бір ұжым ретінде керемет көрінеді» Йозеф Вебер: «Ордабасы» бір ұжым ретінде керемет көрінеді»
 Чехиялық «Млада-Болеславтың» бас бапкері Йозеф Вебер ойын алдындағы баспасөз жиындарын өткізді.

— Йозеф мырза, біздің сізге Шымкентке қош келдіңіз дегіміз келеді. Алдағы ойыннан не күтесіз жəне біздің құрамнан кімді ерекше атап өте аласыз?  
— «Ордабасы» бір ұжым ретінде керемет көрінеді дегім келеді. Ойыншыларды айтсам, 99 нөмірдегі шабуылшыны (Алексей Щеткин) жəне жартылай қорғаныс пен клуб қақпашысын ерекше атап өтер едім.  

— Ертеңгі матчта ауа райы кедергі болмайды ма?  
— Ауа-райы екі командаға да бірдей болады. Екінші таймда-ақ мұндай жағдайда ойнау оңайырақ болатын шығар.  

—Менде екі сұрақ бар: сізердің клубтарыңыз қандай қаржылық жағдайда тұр жəне осында Чехиядан жанкүйерлер келді ме? 
— Мен клубтың бюджеті жайлы ештеңе айта алмаймын, бұл менің жұмысым емес жəне мен мұны білмеймін. Бəлкім, бұл сұрақ Англияда немесе Қазақстанда өзекті болар. Ал жанкүйерлер туралы айтсақ, Млада-Болеслав Шымкенттен өте алыста, жəне олар осында келе алмады, дегенмен бізбен бірге Шымкентке үлкен делегация мен журналистер келді, жəне солар бізге үлкен қолдау көрсетеді деген ойдамын. 


Йозеф Вебер: «Ордабасы» выглядит идеально как одна команда» 

Наставник чешской «Млада-Болеслав» Йозеф Вебер рассказал о своих ожиданиях от предстоящего матча с шымкентским «Ордабасы».

— Господин Йозеф, мы хотим сказать вам добро пожаловать в Шымкент. Что вы ожидаете от предстоящей игры и кого вы бы сами выделили из нашего коллектива?
— Могу сказать, что «Ордабасы» выглядит идеально как одна команда. Что касается игроков, могу выделить нападающего под номером 99 (Алексей Щеткин — прим. ред), а также полузащиту и вратаря клуба. 

— Скажутся ли погодные условия в завтрашнем матче?
— Погода будет одинаковой для обеих команд. Думаю, что уже во втором тайме условия будут полегче. 

— У меня есть два вопроса: в каком финансовом состоянии находится ваш клуб и прибыли ли сюда фанаты из Чехии? 
— Я не совсем могу говорить о бюджете клуба, это не мое дело и я его не знаю. Возможно, этот вопрос актуален где-то в Англии или здесь, в Казахстане. Что касается болельщиков, то Млада-Болеслав находится очень далеко от Шымкента и они не смогли сюда прибыть, но вместе с нами прибыла большая делегация, которая окажет нам поддержку завтра, а также множество журналистов, которые прибыли также сюда.




comments powered by HyperComments

Матч-центр