Новости клуба

29 июля «Ордабасы» - «Млада-Болеслав» ойынына даниялықтар төрелік етеді «Ордабасы» - «Млада-Болеслав» ойынына даниялықтар төрелік етеді

УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Ордабасы» мен «Млада-Болеслав» арасындағы жауапты матч даниялық Мадс-Кристоффер Кристофферсеннің төрелігімен өтеді.
36 жастағы маманға қос отандасы Ларс Хуммельгор мен Денис Расмуссен көмектеседі. Ал төртінші рефери болып Санди Путрос тағайындалды.
Еске сала кетейік, қос команда арасындағы Чехияда өткен алғашқы матч 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Ал ендігі қарымта кездесу 1 тамызда, 20:00-де, «Қажымұқан» атындағы стадионда өтеді.




comments powered by HyperComments

Матч-центр