Новости клуба

29 июля Алексей Щеткин: «Біздің ұжым барлығына дайын» Алексей Щеткин: «Біздің ұжым барлығына дайын»
Алексей өзінің ойыны жайлы, команданың көрсетіп жүрген нəтижелері мен Еуропа Лигасындағы жауапты кездесу жайлы клубтың ресми сайтына айтып берді. 

Премьер-лиганың кезекті туры Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткиннің голының арқасында ерекшелене түсті. «Көк-ақтардың» форварды «Ертіс» қақпасына қайшылап тұрып соққан əдемі голымен өз командасына үш ұпай алып берді. 

— Матч қиынға соқты, себебі біз қазір екі жарыста бақ сынаудамыз — Еуропа Лигасы мен Қазақстан чемпионаты. Көптеген алыс жол мен сапарларға байланысты, физикалық тұрғыда ауыр болды. 

— Сен бүгін жеңіс голын соқтың. Бұл голды өз мансабыңдағы əдемі голдардың бірі деп айта аласың ба? 
— Иə, мен солай деген ойдамын. Бірақ, бұл гол əдемі ме, жоқ па маңызды емес — бастысы команда үшін жеңісті болғаны. Иə, мен жарақаттан кейін ұзақ уақыт бойы гол салмадым, сондықтан да қуанышты екенім рас. 

— Бүгін «Ордабасы» негізгі құрамға көп өзгерістер енгізді. Команда екі бірдей құраммен ойнауға дайын деп айта аламыз ба? 
— Менің ойымша, біздің ұжым жеткілікті түрде барлығына дайын. Тек қана он бір адам емес, барлық жиырмасы да. Біздің кез келгеніміз бір-біріміздің орынымызды баса аламыз, сондықтан бұл жағынан бізде мəселе жоқ деп есептеймін. 

— Бейсенбі күні өтетін маңызды ойыннан не күтесің? 
— Бізде тек бір ғана тапсырма бар — бұл Еуропа Лигасының келесі кезеңіне өту. Қазір біздегі бар ойымыз сол, жəне орындалуға жақын. Сырт алаңда біз 1:1 ойнадық, қонақта соққан голымыздың арқасында келесі кезеңге жолдама алу мүмкіндігіміз жоғары деп есептей аламыз. 
 
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------   

Алексей Щеткин: «У нас боеспособный коллектив» 

Один из матчей очередного тура Премьер-лиги стал примечателен благодаря победному голу нападающего сборной Казахстана Алексея Щеткина. Форвард «сине-белых» записал на свой счет потрясающий гол, который он исполнил через себя и принес команде три очка в матче с павлодарским «Иртышом». 

О своей игре, результатах команды и ответном матче квалификации Лиги Европы, Алексей рассказал официальному сайту клуба. 

— Матч получился тяжелым, потому что мы сейчас выступаем на два фронта — в Лиге Европы и чемпионате Казахстана. Физически было тяжело, во многом из-за сложных перелетов. Хорошо, что выиграли сегодня, было очень важно победить. 

— Ты забил сегодня победный гол. Можешь назвать его одним из самых красивых в своей карьере? 
— Да, я думаю, так. Но, неважно красивый это или нет — главное, что он получился победным для команды. Да, и в принципе, я долго не забивал после травмы, рад был бы любому голу. 

— Сегодня «Ордабасы» выступил с многочисленными изменениями в стартовом составе. Можно говорить о том, что команда готовы выступать двумя составами? 
— Я думаю, что у нас достаточно боеспособный коллектив. Не только одиннадцать человек, а все двадцать. Каждый из нас может выйти, заменить друг друга и в этом плане у нас нет проблем, я считаю. 

— Какие ожидания от важного матча в четверг? 
— Думаю, что у нас стоит только одна задача — это проход в следующий раунд Лиги Европы. Сейчас у нас другого не может быть, ведь это вполне реально. На выезде мы сыграли 1:1, за счет гола на чужом поле мы вполне можем расчитывать пройти дальше.
 



comments powered by HyperComments

Матч-центр