Новости клуба

11 июля "ОРДАБАСЫ" АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ "ОРДАБАСЫ" АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

«Ордабасы» (Шымкент, Казахстан) — «Торпедо» (Кутаиси, Грузия) 1:0 (:0)

Жеңіс голының авторы Темірлан Ерланов 67.

Ескерту : Жангылышбай 65, Диакате 84 — Пониава 45+1, Надарая 46

«Ордабасы»: Непогодов, Малангу, Ерланов, Механович (Щеткин 67), Толебек (Бадибанга 56), Жангылышбай (Быстров 73), Диакате, Малый, Досмагамбетов, Фонтанелло, Жоао Пауло

«Торпедо» Кутаиси: Квасхвадзе, Табатадзе, Небиеридзе, Чичинадзе, Хурцилава, Цинцадзе, Пониава (Мосиашвили 86), Капанадзе (Цецхладзе 78), Надарая, Чогадзе (Кобахидзе 67), Цицкишвили

Бас төреші : Роомер Тараев (Эстония)

 

"Ордабасы" ойынды аса сақтықпен бастады. Ал, қонақтар өз жүйесінен айнымады. Олар қорғаныс арқылы қарсы шабуылға ден қойды. Алаң иелері сапында Жоао Паулу мен Тоқтар Жанғылышбай тәжірибелі қақпашы Квасхвадзені жан-жақты тексеріп көрді. Тіпті жойқын соққымен де осал жерін таба алмады. Ойынның екінші кезеңінде бас бапкер Кахабер Цхададзе бірнеше ойыншыны алмастырды. Бас бапкердің бұл шешімі өз жемісін берді. "Торпедо" командасының бас бапкері Кахабер Чхетиани қауіптенген Зиги Бадибанга мен Алексей Щеткиннің келумен жаңа сипатқа ие болған шабуыл керемет голға айналды. Қақпа алдындағы қарбаласта Темірлан Ерланов баспен допты қақпаға бағыттап есеп ашты. Осылайша өз командасына үміт артып келген орталық стадионды толтыра жайғасқан жергілікті жанкүйерге тамаша жеңіс силады. Есеп 1-0.

Бұдан кейінде қанша мүмкіндік болғанмен осы есепті өзгертудің ешбір реті келмеді. "Ордабасы" барлық жағынан басым болды. Ендігі үміт 18-ші шілде күні Тбилиси қаласында өтетін қарымта матчта. "Ордабасы" командасына жарысты жалғастыру үшін тең ойынның өзі де жеткілікті. Жерлестерімізге тек жеңіс тілейміз!




comments powered by HyperComments

Матч-центр