Новости клуба

10 июля «Ордабасының» екі ойыншысы таңдаулы құрамда «Ордабасының» екі ойыншысы таңдаулы құрамда

ҚКФЛ дəстүрлі түрде Премьер-лиганың 17-турының үздік ойыншыларынан құралған таңдаулы құрам жасақтады. Бұл тізімге шымкенттік «Ордабасының» екі ойыншысы кірген. Олар: аргентиналық қорғаушы Пабло Фонтанелло мен сенегалдық жартылай қорғаушы Абдулай Диакате.

Орталық қорғаушы: Пабло Фонтанелло, «Ордабасы»
 
Фонтанелло Алматыдағы матчта өз командасының қорғанысының сенімділігіне жауап берді. Тəжірибелі қорғаушы төмендегі күрестің 74%-да, жоғарыдағы таластың 6-да жеңіске жетіп, 5 рет қарсыласынан допты тартып алып, 14 рет допқа тосқауыл қойған. Индекс ұпайы – 314. 
 
Тіреуші жартылай қорғаушы: Абдулай Диакате, «Ордабасы» 
 
«Қайратпен» өткен кездесуде Диакате өзіне жүктелген міндетті жоғары деңгейде орындады. Сенегалдық ойыншы əріптестеріне 89% дəл пас жеткізіп, екінші қабатта жүргізілген таластың 67%-да жеңген жəне 7 мəрте допқа тосқауыл жасап, 6 рет сəтті талас жүргізген, тағы 5 рет қарсыласын алдап өткен. Индекс ұпайы – 307.




comments powered by HyperComments

Матч-центр