Новости клуба

04 июля Тевяшов «Қайрат» - «Ордабасы» арасындағы кездесуге төрелік етеді Тевяшов «Қайрат» - «Ордабасы» арасындағы кездесуге төрелік етеді

ҚФФ төрелік ету жəне қадағалау департаменті Премьер-лиганың 17-ші туры аясындағы «Қайрат» - «Ордабасы» кездесуінде қызмет атқаратын төрешілер құрамын бекітті.

Аталмыш кездесудің бас төрешісі болып Денис Тевяшов (Орал) тағайындалды. Оралдық қазыға Дулат Советханұлы (Семей) мен Самат Шəріпов (Атырау) жəрдемдесетін болады. Қосалқы төреші Нұрлан Джаспенов (Алматы) болса, матч тəртібіне Александр Борисов (Семей) жауап береді.




comments powered by HyperComments

Матч-центр