Новости клуба

30 июня Кахабер Цхададзе: «Футбол кейде əділетсіз болады» Кахабер Цхададзе: «Футбол кейде əділетсіз болады»
«Көк-ақтардың» бас бапкері Кахабер Цхададзе — «Қайсармен» өткен кездесудің нəтижесі жайлы.

— Футбол кейде əділетсіз болады. Біз осы маусымдағы үздік ойынымызды көрсеттік, бірақ көптеген сəттерде гол соға алмадық, жəне болмашы сəттерде гол жіберіп алдық. Тағы да қайталап айтамын, футболда осындай əділетсіз нəтижелер тіркеледі, бірақ бұған төтеп бере білу қажет. Əрине, ойын барлық жағынан алып қарасақ та біздің басымдылығымызда болды, біз негізінен «Қайсарды» жеңе алдық жəне жеңіске лайықты болдық. Бірақ, қай жақ көп гол соғады — солар ұтады, сондықтан бізге мүмкіндіктерімізді қалт жібермей, гол соғу керек еді. Маған бір қызығы төреші ойын соңында нені күтті, соңғы гол соғылған кезде матчтың уақыты əлдеқашан аяқталған болатын. Түсініксіз. Бірақ, мұндай нəрселерге мойымауымыз қажет.   

Енді мынаған қараңыздар қанша ойын өтті: «Астанамен» өткен қонақтағы ойыннан кейін, біз алғаш рет жеңіліс таптық, онымен қоса, меніңше, біз өзіміздің үздік ойынымызда ұтылдық. Бізге бұл ес жию керектігін білдіретін белгі болуы тиіс. Шынымды айтсам, бізде өткен «Астанамен» ойыннан кейін, ешқандай босаңсу болмады. Сіздер көрген шығарсыздар, бірінші минуттың өзінде-ақ нəтижелі сəтті құр жіберіп алдық. 

Өкінішке орай, мұндай жайттар болып тұрады жəне жігіттерді қолдау қажет, олар өте жақсы футбол көрсетті, оларға осы үшін рақмет. Осындай сəттерде тек жинақы болып, соңына дейін ойнау маңызды. Соңғы минутта екі қарсы шабуылды өткізіп алдық, соның кесірінен, жеңіліске əкеп соқтырған бұрыштама добы орын алды. Өте өкінішті, себебі, біз осындай жақсы ойынмен жеңіске лайық болдық. Жəне жеңіліске мүлдем лайық емес едік, дегенмен осымен жұмыстану керек, енді тезірек қалыпқа келіп, келесі ойындарға дайындаламыз. Қазір бізде ауыр ойын кестесі, алда «Қайратқа» қарсы матч, одан кейін, еурокубок жəне үш күннен соң «Тобылмен» ойын, содан кейін Грузияға ұшамыз, сол жақтан бірден Атырауға баратын боламыз. Мен осындай күнтізбені ұйымдастыратын адамдарға қоятын сұрағым бар: сіздер футболшыларды ойлайсыздар ма? Біз Грузиядан Атырауға ұшып, сонда матч өткіземіз. Бірақ, қолымыздан не келеді? Жанкүйерлерден кешірім сұраймын, мұндай жағдайда керемет ойын көрсету қиын. Нəтиже, əрине, қанағаттандырмайды. 

Кахабер Цхададзе: «Порой футбол несправедлив»

Наставник «сине-белых» Кахабер Цхададзе — о результате в матче с «Кайсаром».

— Порой футбол несправедлив. Мы показали лучшую игру в этом сезоне, но не забили во многих моментах и такие мячи пропустили. Еще раз повторюсь, бывает такая несправедливость в футболе, но надо перебороть ее. Конечно, игра была наша по всем направлениям, мы переиграли «Кайсар» и заслуживали победы. Но, кто больше забьет — тот и выигрывает, и надо забивать, ведь мы имели столько моментов. Мне интересно чего ждал судья в концовке игры, думаю, что там уже время матча закончилось. Непонятно. Но, нужно это перебороть. 

В целом, посмотрите сколько игр прошло: после выездной игры с «Астаной», мы впервые проиграли, ито я думаю, что мы проиграли в своей лучшей игре. Для нас это должно послужить примером для того, чтобы встряхнуться. Честно скажу, у нас не было расслабленности после прошлой игры с «Астаной». Вы видели сами, уже на первой минуте игры мы упустили голевой момент.

К сожалению, бывает такое и нужно ребят поддержать, они показали очень хороший футбол, спасибо им за это. Только концентрация должна быть в такие моменты, надо до конца работать. Просто я не докричался, два раза мы упустили в последних минутах контратаку, что привело к угловому удару. Они стояли два на два, мы кричали, чтобы Мирзад оставался сзади, но, к сожалению, не докричался я. Очень жаль, потому что мы заслуживали победу по хорошей игре. И точно не заслуживали проигрыша, но надо перебороть это, восстановиться и готовиться к следующим играм. Сейчас у нас тяжелейший график наступает, впереди матч с «Кайратом», затем еврокубки и через три дня игра с «Тоболом», после чего мы вылетаем в Грузию и оттуда мы должны добраться в Атырау. Я просто хочу спросить тех людей, которые создают календарь: вы о футболистах то думаете? Мы с Грузии должны прилететь в Атырау и там играть. Но что поделать? Извиняюсь перед болельщикам, но это сложно делать, когда ты при этом показал блестящий футбол. Результат, конечно, неудовлетворительный.




comments powered by HyperComments

Матч-центр