Новости клуба

29 июня «Ордабасы» мен «Қайсар» арасындағы кездесуге Рахимбаев төрелік етеді  «Ордабасы» мен «Қайсар» арасындағы кездесуге Рахимбаев төрелік етеді

ҚФФ төрелік ету және қадағалау департаменті Премьер-лиганың 16-тур ойындарына қызмет ететін төрешілер құрамын анықтады. Нәтижесінде, Шымкентте өтетін «Ордабасы» - «Қайсар» матчының бас төрешісі қызметін Айдын Рахимбаев (Алматы) атқаратын болды. 

Аталмыш маманға Денис Лабашов (Атырау) пен Александр Павлов (Алматы) көмектесетін болады. Төрешінің қосымша көмекшілері болып Рустам Омаров (Алматы) пен Сакен Байымбет (Тараз) бекітілді. Ал кездесудің қосымша рефериі Дархан Тулегенов (Шымкент) болса, инспекторлық міндет Қасымжан Мадиевке (Нұр-Сұлтан) тапсырылды.




comments powered by HyperComments

Матч-центр