Новости клуба

24 июня Тоқтар Жанғылышбай: «Командалық ойынның арқасында жеңіске жеттік» Тоқтар Жанғылышбай: «Командалық ойынның арқасында жеңіске жеттік»
Шымкенттік «Ордабасының» шабуылшысы Тоқтар Жанғылышбай «Астанаға» қарсы ойында гол соғып, жеңіске үлкен үлесін қосты. Ойынның нəтижесі жайлы — клубтың ресми сайтына баяндап берді. 

— Матч екі тараптың да қауіпті сəттерімен өрбіді. Қос команда да жақсы шабуылдады, қарсыластың құрамында жеке шеберлігі басым көптеген жақсы футболшылар бар. Мысалы, Марин Томасовты айтуға болады, жəне, əрине, барлық команданы, дегенмен біз де керемет өнер көрсеттік. Егер «Астана» жекелеген шеберлігімен мықты болса, біз командалық ойынның арқасында оларды тізе бүктірдік. Біз аздаған басымдыққа ие болдық жəне лайықты түрде жеңіске жеттік, деп айта аламын. 

— Команда «Астананы» ұтты — қиын қарсыласты ұтты, матчқа дайындық əдеттегіден де күштірек болды ма? 
— Иə, «Астана» мықты қарсылас, бұл сөзіме олардың еурокубоктегі жетістіктері дəлел. Əрине, бізде кез келген матчқа дайындық мықты болады, бірақ «Астанаға» қарсы дайындық өзгеше болатынын мойындаймын, сондықтан оларды жеңу біз үшін аса ерекше. Бірақ бұл жеңіс ештеңені білдірмейді, бізге алға қарай ұмтылып, мақсаттарымызға жету қажет.

Тохтар Жангылышбай: «За счет командной игры обыграли соперника»

Форвард шымкентского «Ордабасы» Тохтар Жангылышбай укрепил победу в матче с «Астаной» голом в ворота столичной команды. О результате игры — нападающий рассказал официальному сайту клуба. 

— Матч сложился достаточно обоюдно острым. Обе команды неплохо атаковали, у соперника есть много хороших футболистов, которые создавали моменты за счет индивидуальных показателей. Например, Марина Томасова можно отметить, и, конечно, всю команду, но мы также отлично играли. Я думаю, что если «Астана» индивидуально была сильна, то мы за счет командной игры сумели обыграть соперника. Скажу, что мы были немного лучше и заслуженно победили.

— Команда обыграла «Астану» — сильного соперника, настрой на матч был запредельный? 
— Да, «Астана» сильный соперник, это доказывают последние успехи в еврокубках. Конечно, на любой матч у нас серьезная подготовка, но против «Астаны» это складывается по-другому, поэтому победа над ними для нас особенна. Но она пока ничего не значит, мы должны идти вперед дальше и достигать наши цели.

 




comments powered by HyperComments

Матч-центр