Новости клуба

28 мая «Ордабасының» төрт ойыншысы Ұлттық құрамаға шақыртылды «Ордабасының» төрт ойыншысы Ұлттық құрамаға шақыртылды

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек алдағы ЕУРО-2020 іріктеу турнирі аясындағы Бельгия жəне Сан-Марино командаларына қарсы өтетін кездесулерде алаңға шығатын ойыншылар тізімін жариялады. Тізімге 24 футболшы енді, оның төртеуі шымкенттік «Ордабасының» ойыншылары. Олар: қақпашы Дмитрий Непогодов, қорғаушылар Сергей Малый мен Темірлан Ерланов жəне шабуылшы Тоқтар Жанғылышбай.

Айта кетейік, ел құрамасы алдымен 8 маусым күні қонақта Бельгияға қарсы ойнайды, одан кейін, 11 маусымда елордада Сан-Мариноға қарсы кездесу өткізеді.




comments powered by HyperComments

Матч-центр