Новости клуба

21 мая Үш ойыншы үздіктер құрамынан орын тапты Үш ойыншы үздіктер құрамынан орын тапты

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты əдеттегідей ойыншылардың алаңдағы нәтижесін есептейтін Instat компаниясының мәліметеріне сүйене отырып, Қазақстан Премьер-лигасының он бірінші турының үздік ойыншыларынан құралған таңдаулы құрам жасақтады. Таңдаулы құрамға шымкенттік «Ордабасының» қақпашысы Дмитрий Непогодов, жартылай қорғаушысы Жоао Пауло мен шабуылшысы Тоқтар Жанғылышбай енді

Қақпашы: Дмитрий Непогодов, «Ордабасы» 

Өткен турда тек екі команда қақпасына гол жібермеді. Ал ең жоғарғы ұпайды «Ордабасының» қақпашысы иеленді. Непогодовтың индекс көрсеткіші 282-ні құрады. «Таразбен» өткен ойында ол үш соққыны қайтарып, бір рет сейв жасап, төрт рет қақпасынан сəтті шыға білген (100%-дық көрсеткіш). 


Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Жоао Пауло, «Ордабасы» 

Жоао əдеттегідей алаңда барын салып, екі голға ат салысты, алдымен Жанғылышбайдың гол соғуына көмектесіп, одан соң өз мəнерінде айып алаңының сыртынан əдемі соққы бағыттап, гол авторы атанды. Тағы төрт рет дриблингін сəтті іске асырып, командасына екі фол алып берді жəне допқа таластың 88%-да жеңіске жеткен. Индекс көрсеткіші – 312. 



Шабуылшылар: Тоқтар Жанғылышбай, «Ордабасы»

Шабуылшылардың басты мақсаты – голдар соғу. Ал Жанғылышбай «Таразбен» өткен кездесуде голды да соғып, тағы əріптестеріне мүмкіндіктер ұйымдастырды. Осының арқасында турдың үздіктер құрамына жайғасты. Индексі – 268.




comments powered by HyperComments

Матч-центр