Новости клуба

11 мая Кирилл Ковальчук: «Алдымызға қойылған мақсаттарға қол жеткізуіміз қажет». Кирилл Ковальчук: «Алдымызға қойылған мақсаттарға қол жеткізуіміз қажет».
«Ордабасы» жартылай қорғаушысы Премьер-лиганың 10 туры аясында өткен «Ертіс» - «Ордабасы» 0:2 ойыны жайлы пікірімен бөлісті.

- Біздің команданы лайықты жеңіспен құттықтаймын! Бүгін біз шабуылда жақсы ойнадық, гол соқтық жəне көптеген мүмкіндіктерге ие болдық, ойында қарқын пайда болды, бұл матчтың бірінші минутынан білінді. Өткендегі «Атыраумен» ойындағы жетіспеген қарқын бүгін болды жəне соның арқасында жеңіске жеттік. Енді демаламыз, бізді алда тығыз график күтіп тұр, чемпионат пен кубок, сондықтан жақсылап дайындалып, жақсы жұмыстануға тырысамыз. Біздің алдымызға қойылған мақсаттарға қол жеткізуіміз қажет. Мен біздің дұрыс жолда келе жатқанымызға, қолымыздан барлығы келетініне сенемін.  

 

Кирилл Ковальчук: «Надо выполнять те задачи которые стоят перед нами».

Полузащитник «Ордабасы» прокомментировал матч 10 тура Премьер-лиги  «Иртыш» - «Ордабасы» 0:2.

- Поздравляю нашу команду с заслуженной победой! Сегодня мы хорошо добавили в атаке, забили и имели еще много моментов, появилась агрессивность в игре, это действительно было видно с первых минут матча. Если в предыдущем в матче с «Атырау» было много подходов к штрафной, но не хватало именно этой агрессивности, то сегодня мы выиграли с хорошим настроением. Теперь отдохнем, и потом у нас вновь очень насыщенный график, и чемпионат и Кубок, поэтому нужно готовиться, настраиваемся на хорошую работу. Нам надо выполнять те задачи которые стоят перед нами. Я думаю мы в правильном направлении движемся, надеюсь все у нас получится. 




comments powered by HyperComments

Матч-центр