Новости клуба

09 мая «Ордабасының» ойыншысы үздік құрамда «Ордабасының» ойыншысы үздік құрамда

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты ойыншылардың алаңдағы нәтижесін есептейтін Instat компаниясының мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші турының үздік ойыншыларынан құралған таңдаулы құрам жасақтады. Таңдаулы құрамға шымкенттік «Ордабасының» аргентиналық қорғаушысы Пабло Фонатанелло енді.

Орталық қорғаушы: Пабло Фонтанелло, «Ордабасы»
 
«Ордабасы» «Атырауға» қарсы ойында жеңіске жете алмағанымен, Фонтанелло өте сəтті кездесу өткізді. Ол гол соғып, өз командасының пайдасына 4 фол жасаған жəне төмендегі допқа таластың 71%-да жеңіске жетсе, əуедегі таластарда 6-рет жеңімпаз атанды. Онымен қоса, 10 рет допты тартып алуға əрекет жасап, 5 рет қарсыласқа тосқауыл қойып, төртеуінде қарсылас ойыншыны допсыз қалдырған. Индекс ұпайы – 291.




comments powered by HyperComments

Матч-центр