Новости клуба

01 апреля Кахабер Цхадададзе: «Біз қорғаныста жақсы ойнадық» Кахабер Цхадададзе: «Біз қорғаныста жақсы ойнадық»

«Ордабасының» бас бапкері Кахабер Цхададзе — «Оқжетпеске» қарсы өткен кездесу жайлы өз ойын білдірді.


— Бəріміз күткендей, қиын ойын болды. «Оқжетпес» сауатты қорғанды, оларда керемет орындаушылар бар жəне ойын осындай бағытта болатыны түсінікті болды, себебі «Астанамен» өткен ойында бұл команданың голын есептемеді жəне ұжымдарында берілмейтін мінез бар. Біз өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық, ал егер сен гол соқпасаң — жеңіске жете алмайсың. Бір айта кететіні, құрама ойындарынан кейін, біз ешбір жаттығуды толық құрамда өткізбедік: өздеріңіз Ерлановқа не болғанын көрдіңіздер, Щеткин де бізге жарақатпен келді жəне Жоао жарақаттан кейін əлі дұрыс қалыпқа түсе қоймады, оған ойын тағдырын салқынқандылықпен шешіп тастау үшін ойын тəжірибесі жетіспейді. 

Бірақ бəрінен шығатын қорытынды біз қорғаныста жақсы ойнадық, үш ойында ешқандай гол жібермедік жəне жас ойыншы Əділхан Добай алғашқы ойынын өткізді. Ол өте жақсы жаттығуда жəне өзін көрсетуде, басқа жас ойыншылар да дəл солай, бірақ ойында бəрі басқаша болады, жоғарғы психологиялық қызу пайда болады. Кез келген жағдайда, Əділханға сенуді жалғастырамыз, оған мүмкіндік береміз. Жалпы қуантарлық та, көңіл түсіретін де жайттар орын алды: жаманы, жеңіске жете алмадық, ал жақсысы, қорғаныста жақсы ойнадық. Бүгін ұпай жоғалттық деуге болады. 

Кахабер Цхададзе: «Мы хорошо сыграли в обороне»

Главный тренер «Ордабасы» Кахабер Цхададзе — об итоговом результате в матче с «Окжетпесом». 

— Как и ожидалось, была сложная игра. «Окжетпес» грамотно оборонялся, у них есть хорошие исполнители и было понятно, что игра будет происходить в таком русле, потому что в матче с «Астаной» у этой команды не был засчитан гол и коллектив неуступчивый. Мы не реализовали свои моменты, а если ты не забиваешь — ты не добиваешься победы. Отмечу, после матчей национальной сборной, мы не провели ни одной тренировки в полном составе: вы сами видели, что произошло с Ерлановым, Щеткин прибыл к нам с травмой и Жоао после полученной травмы не находится в оптимальном состоянии, ему не хватает игровой практики, чтобы хладнокровно решить исход момента.

Но позитив заключается в том, что мы хорошо сыграли в обороне, не пропустили ни одного мяча в трех матчах и дебютировал молодой игрой Адильхан Добай. Он очень хорошо тренируется и показывает себя, как и другие молодые игроки, но в игре все происходит по-другому, ведь появляется сильное психологическое давление. В любом случае, будем продолжать доверять Адильхану, давать ему шанс. В общем, есть позитивные и отрицательные моменты: плохо, что не выиграли, но хорошо то, что грамотно сыграли в обороне. Можно сказать, что потеряли очки сегодня.




comments powered by HyperComments

Матч-центр