Новости клуба

01 апреля «Ордабасы» Нұр-Сұлтан қаласында тең түсті «Ордабасы» Нұр-Сұлтан қаласында тең түсті

«Окжетпес» - «Ордабасы» 0:0 (0:0)

Ескерту: Кислицын Александр 65, Коробкин Валерий 71, Зорич Дарко 76, Досмағамбетов Тимур 76, Жұмаханов Санат 90+2.

Окжетпес: Абжанов Руслан, Алмейда Алвес Данило (Жумаханов Санат 40), Даиров Нурлан, Ерсалимов Азат, Зорич Дарко (Жакупов Тимур 90+1), Калинин Илья, Касминин Владислав, Кислицын Александр, Нөсербаев Таңат (к), Сапаров Алтынбек (Тулиев Мирас 69), Стоянович Милан.

Резерв: Арменов Алмас, Ашихмин Евгений, Бабаханов Джурахон, Багинский Ярослав, Идрисов Нияз, Молдақараев Жасұлан,

Ордабасы: Непогодов Дмитрий, Диакате Абдуллай, Досмагамбетов Тимур, Жангылышбай Тохтар (Добай Адильхан 64), Коробкин Валерий, Малый Сергей, Махлангу Май Сифиве, Быстров Марат, Пауло Жоао (Ли Виталий 84), Фонтанелло Пабло (к), Щеткин Алексей.

Резерв: Адырбеков Талгат, Ваганов Максим, Жаксыбаев Ұлар, Ковальчук Кирило, Хаджиев Аслудин, Шайзада Бекхан, Шамши Самат.

 

Үшінші турдың ойындарын Нұр-Сұлтан қаласында Көкшетау қаласының «Оқжетпес» командасымен өткізген «Ордабасы» тең тарқасты. Кезінде осы команда сапында өнер көрсеткен Андрей Карпович жаттықтыратын көкшеліктер 90 минут бойына қорғанумен болды.Кезекті бір шабуыл кезінде  Жоао Паулу  қақпашымен жекпе-жек шығып оны алдап өткенімен,қорғаушыдан өте алмады. Бұдан соң Т.Досмағамбетов айып добын орындау кезінде С.Малыйға тамаша доп шығарып берді. Малый баспен соққанымен қақпашы Руслан Абжанов қырағылық танытып допты қақпа сызығынан алып шықты.Алаң иелері сапында Оңтүстік футболының түлектері Таңат Нөсербаев пен Санат Жұмаханов жанын сала ойнады.Ал қонақтар құрамында тағы бір жаңа ойыншы Валерий Коробкин алаңға шығып тек ескерту алумен шектелді.Тең есеп ойын соңына дейін өзгеріссіз қалды. Сырт алаңдағы тең ойын жеңіске пара –пар дегенмен Нұр-Сұлтан қаласындағы жасанды алаң шымкенттіктерге  табыс әкелмеді.




comments powered by HyperComments

Матч-центр