Новости клуба

09 марта Кахабер Цхададзе: «Команда мазмұнды жəне жақсы ойын көрсетті» Кахабер Цхададзе: «Команда мазмұнды жəне жақсы ойын көрсетті»
«Ордабасының» бас бапкері Кахабер Цхададзе — «Шахтерге» қарсы жеңісті ойын жайлы өз пікірін білдірді.

— Бірінші кезекте, барлық əйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтағым келеді, сіздерге зор денсаулық пен мол бақыт тілеймін. Жəне барлығын чемпионаттың басталуымен құттықтаймын. Бұл тек футболшылар мен бапкерлердің ғана емес, жанкүйерлердің де үлкен мейрамы. Бізді өте қызықты чемпионат күтіп тұр деп ойлаймын, жəне команданы алғашқы жеңіспен құттықтаймын, біз лайықты ойын көрсеттік. Біріншіден əр кезде де уайым мен алаңдаушылық пайда болады, жəне бұл бізге бірінші таймда кедергі жасады, көптеген мүмкіндіктерді пайдалана алмадық. Басқа жағынан біздің қақпашы команданы екі қауіпті сəттен аман алып қалды. Жалпы, команда мазмұнды жəне жақсы ойын көрсете білді, біз «Шахтердің» қатысуымен өткен біраз ойынды қарап, талдадық жəне матчқа өте жақсы дайындалдық. Бұл ойын тарихқа айналып үлгерді, жəне ең бастысы ойыннан кейін, рахат сезімге бөленіп кетпеу. Егер біз үлкен жетістіктерге қол жеткізгіміз келсе, қазірден бастап келесі ойынға дайындалуымыз керек. Біз əзірге Жоаоға не болғанын, оның қандай жарақат алғанын білмейміз, бұл біз үшін қиынға соғуы мүмкін. Ертең тексерістен кейін, қаншалықты ауыр жарақат екенін білетін боламыз. Тағы да барлығына алғыс айтқым келіп отыр, жанкүйерлерге де, футболшыларға де үлкен рақмет.

 

Кахабер Цхададзе: «В целом команда показала содержательную и хорошую игру»

Главный тренер «Ордабасы» прокомментировал матч 1 тура Премьер-лиги  «Ордабасы» - «Шахтер»- 3:0.

- В первую очередь хочу поздравить всех женщин с 8 марта, желаю здоровья и счастья. Также поздравляю всех с началом чемпионата, это праздник для всех, не только для футболистов и тренеров, но и для всех болельщиков. Я думаю нас ждет очень интересный чемпионат, хочу поздравить команду с первой победой, мы показали достойную игру. На первой игре всегда присутствует нервозность, и это нам помешало в первом тайме, много моментов не реализовали. С другой стороны наш вратарь выручил нас в двух опасных моментах. В целом команда показала содержательную и хорошую игру, мы много игр с участием «Шахтера» посмотрели и разобрали, и очень хорошо подготовились к матчу. Эта игра уже история, и самое главное не впадать в эйфорию, если мы хотим серьезных результатов добиться, и надо уже сейчас готовиться к следующему матчу. Мы пока незнаем, что случилось с Жоао, незнаем какую травму он получил, это конечно потеря, завтра посмотрим после обследования насколько серьезная травма.  Еще раз спасибо всем, и болельщикам и футболистам.  




comments powered by HyperComments

Матч-центр