Новости клуба

09 марта Шымкенттің "Ордабасы" командасы чемпионатты жеңіспен бастады. Шымкенттің "Ордабасы" командасы чемпионатты жеңіспен бастады.

"Ордабасы» — «Шахтер» 3:0 (0:0)

Гол салғандар: Жоао Пауло 71 (1:0), Махлангу 79 (2:0), Жоао Пауло 83 (3:0).

Футболдан Қазақстан Республикасының кезекті чемпионатының І-тур ойындарында Шымкенттің «Ордабасы» командасы  кеншілерді қабылдап ірі есеппен ұтты.

   "Ордабасы" ойынды шабуылдаушы тактимен бастады.Ал,"Шаxтер" қорғаныс арқылы қарымта шабуылға шығып отырды. Матчтың бірінші кезеңі екі команданың қарсыластың осал жерін іздеумен өтті.Тіпті қонақтар бірнеше гол салатын мүмкіндікті қолдан шығарып алды.

     Ойынның екінші кезеңінің  71-ші минутында Марат Быстровтың  оң қанаттан жасаған шабуылы өз жемісін берді. Щеткин оның әуелете тастаған добын баспен баразилиялық футболшының аяғына қойып берді. Мұндай керемет допты  шірене  тепкен  Жоао  Паулу өзінің дебюттік ойынында  есеп ашты. Есеп 1-0.

 Арада аз уақыт өтпей бүгінгі кездесуді өте жақсы бастаған Алексей Щеткин  тағы да кезекті шабуылдың тізгінін өз қолына алды. Ол жеке шығып бара жатқан оңтүстікафрикалық  Маxлангуге  керемет пас шығарды.Қақпашы Игорь Шацкиймен жекпе-жек  шыққан ол  ешбір мүмкіндік қалдырмады. Есеп 2-0.

     Ойынның аяқталуына санаулы минуттар  қалғанда,яғни 83 минутта тағы да сол А.Щеткин ортадан допты қабылдап алып, желмен жарыса алға ұмтылған   Жоао  Паулудың  аяғына шығарып берді.Жеке қалған ол асқан шеберлікпен  есепті 3-0 ге жеткізді.Осы есептің тағы да өзгеруі мүмкін еді қорғаушылар қырағылық танытпағанда .Жарыс төрінде команданың 12-ші ойыншысындай болып,жанкүйерлермен бірге өз командасына қолдап жасап отырған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов команда басшылығына лайықты команда жасақтай алғаны үшін алғысын білдірді.Және алдағы ойындарда дәл осындай жігермен,бос келмеу керектігін тапсырды.

     Осылайша «Ордабасы» командасы чемпионаттың тұсау кесер ойынын жеңіспен бастады.

                               




comments powered by HyperComments

Матч-центр