Новости клуба

06 марта «Ордабасы» жанкүйерлерге 2019 жылғы маусымға арналған жаңартылған команданы таныстырды. «Ордабасы» жанкүйерлерге 2019 жылғы маусымға арналған жаңартылған команданы таныстырды.

Шымкенттік ұжымның жанкүйерлеріне команда қатарына маусым алдында қосылған жаңа ойыншылар таныстырылды. 


«Маусым сайын бізбен бірге болып жүрген əрқайсыңызға алғысымызды білдіреміз», — деді клуб президенті Нұржан Қатаев. «Біз жанкүйерлерді «Ордабасының» үйдегі ойындарында күтеміз, маусымның алғашқы ойындарын біз Орталық стадионда өткіземіз жəне де сіздерге хабарлайтын жақсы жаңалығымыз: студенттерге, мектепте оқитындарға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, жетім балаларға кіру тегін болмақ. Сіздерді матчта күтеміз — алға «Ордабасы»!». 

«Ордабасының» қаржы директоры Бақтияр Байсейітов дəстүр бойынша, команда туын «Texas Fans» фан-клубының өкілдеріне табыстады.

9 наурыз, 15:00-де, Қажымұқан атындағы Орталық стадионда, маусымның алғашқы ойынында «Ордабасы» — қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды.




comments powered by HyperComments

Матч-центр