Новости клуба

06 марта «Ордабасы» Ғабидолла Əбдірахымовпен кездесті. «Ордабасы» Ғабидолла Əбдірахымовпен кездесті.

9 наурыз күні футболдан Қазақстан чемпионатының жаңа маусымы бастау алады, ал «Ордабасы» алғашқы турды өз алаңында қарағандылық «Шахтерге» қарсы өткізеді.


Кезекті футбол маусымының басталуы қарсаңында, шымкенттік «Ордабасы», мегаполис басшысы — Ғабидолла Əбдірахымовпен кездесу өткізді.

Əкімдік жерінде өткен іс-шараның басы Ғабидолла Əбдірахымовтың сөзімен басталды. Ол өз кезегінде, қаланың басты командасына қолдау мен аймақтағы футболды дамыту жоспарлары туралы сөз қозғады. Одан кейін, клуб басшылары: «Ордабасы» президенті Нұржан Қатаев пен қаржы директоры Бақтияр Байсейітов əкімге клуб үшін жасаған көмегі үшін алғыс айтып, команданың жаңа ойыншыларын таныстырды.

Жиын соңында Нұржан Жолымбекұлы Ғабидолла Əбдірахымовке естелікке 2019 жылғы маусымға арналған ойын жейдесін табыс етті, ал команда капитаны Мардан Төлебек əкімге əр футболшының қолтаңбасы қойылған футбол добын сыйға тартты.




comments powered by HyperComments

Матч-центр