Новости клуба

06 марта Нұржан Қатаев пен Бақтияр Байсейітов БАҚ өкілдерін Халықаралық əйелдер күнімен құттықтады.  Нұржан Қатаев пен Бақтияр Байсейітов БАҚ өкілдерін Халықаралық əйелдер күнімен құттықтады.

«Ордабасы» футбол клубының президенті Нұржан Қатаев пен қаржы директоры Бақтияр Байсейітов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап мерекелік кездесу өткізді.

Жыл сайын адамзаттың екінші əдемі жартысы Халықаралық əйелдер мерекесін атап өтеді, жəне осыған байланысты, бүгін «Ордабасы» футбол клубының басшылары «Rixos Khadisha» қонақ үйінің конференц-залына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырып, мерекелік дастархан ұйымдастырды, онымен қоса оларға гүл шоқтарын табыс етті. 

«Бізге журналистермен тығыз қарым-қатынаста болу өте маңызды, жəне жаңа маусымның басталу қарсаңында осы мерекені сіздермен атап өту жақсы ой болды. «Ордабасы» осы маусымда жаңа белестерді бағындыруға дайын жəне сіздердің бізбен бірге болатындарыңызға сенеміз», — деді «Ордабасы» футбол клубының президенті Нұржан Қатаев.

Кездесудің соңында басшылар қонақтарды 9 наурыз күні, сағат 15:00-де, Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтетін, осы маусымның алғашқы ойынына шақырды.




comments powered by HyperComments

Матч-центр