Новости клуба

24 февраля Кахабер Цхададзе «Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны ойдағыдай өтті» Кахабер Цхададзе «Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны ойдағыдай өтті»
Шымкенттік "Ордабасы" командасының бас бапкері  Кахабер Цхададзе Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы туралы өз ойын білдірді. 

-Біздің құраманың жартысы ұлттық құрама сапына алынғандықтан  құрамадағы ойыншылардың бірлескен жаттығуында  футболшылардың жүктемелерін біркелкі орындау мүмкін болмады. Кейбір ойыншылар басқаларға қарағанда көбірек жұмыс істеуге тура келді. 

    Айта кету керек, биылғы жылы біздің командағы бірқатар жаңа футболшылар қосылды.Олар  "Армавир", "Алашкерт" және "Динамомен" болған кездесулерде бір таймнан кездесу өткізді. Екінші жағынан, бізде Максим Ваганов, Эльхан Астанов және Әділхан Добай сияқты жас ойыншылар бар. Оларды негізгі ойыншылармен бірге көп ұзамай құрамада көріп қалармыз.

    Қазір команда құрамы толықтай  жасақталып болмады. Шабуылға нүкте қоя алатын  хас шебер шабуылдаушы бір футболшы алуды жоспарлап отырмыз.Бұл  туралы келіссөздер жүріп жатыр.

    Жалпы, біздің Түркиядағы жиынымыз ойдағыдай өтті. Футболшылар аянбай тер төгіп, жақсы жұмыс істеді. Тек бір өкініштісі,  Мардан Төлебек пен ұлттық құрамада болған Темирлан Ерланов жарақат алып қалды.  Және, мен жолдастық матчтың нәтижесіне аса алаңдамауларыңызды сұранамын.Өйткені бұл сынақ үшін жасалған жолдастық кездесулер болатын. Футбол маусымы  басталғанда бәрі де басқаша болады.  Ең бастысы, бізбен алғашқы күннен бастап жұмыс істеген футболшылардың дайындығы ойымыздан шығып отыр.Енді толық құраммен Шымкентте  тактикалық жаттығулармен көбірек жұмыс істейтін боламыз.

Өз алаңымызда  4 наурызда жолдастық  кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз. Жаңа шабуылшыны алғаннан кейін  негізгі құрамды толықтай жасақтаған  кезде, біз жаңа маусымға дайын боламыз. Тек сәттілік серік болсын деймін!




comments powered by HyperComments

Матч-центр