Новости клуба

11 января "Ордабасы" командасы жаңа маусымға дайындығын бастады "Ордабасы" командасы жаңа маусымға дайындығын бастады

Клубтың алғашқы оқу-жаттығу жиыны Шымкент қаласындағы БИІК футбол кешенінде басталды. Шымкенттегі  "БИІК" спорт базасында басталған  оқу-жаттығу жиыны  көк-ақ  түсті  жейделілер үшін   20 қаңтарға дейін созылады.   Команда мүшелері көгалдағы физикалық жаттығулар мен кешендегі тренажер залында шынығып, бақылау матчтарын өткізеді.

Алғашқы оқу-жаттығу жиынына  жергілікті жас футболшылармен қатар  Кирилл Ковальчук, Пабло Фонтанелло, Темірлан Ерланов, Дамир Даутов, Бекхан Шайзада, Сергей Хижниченко, Мардан Төлебек, Талғат Адырбеков, Ұлар Жақсыбаев, Самат Шамши, Мирзад Механович, Неманья Коич сынды футболшылар қатысуда.

     Жас футболшылар қатарында Шымкент футболының түлектері  Максим Ваганов, Алтынбек Төлеев, Адилхан Добай, Алияр Мұхамед, Аяп Сағадат, Нұрсұлтан Жақсылық бар.

      23 қаңтардан кейін  футболшылар Түркияның Анталья қаласында өтетін  екінші оқу-жаттығу жиынына аттанады.




comments powered by HyperComments

Матч-центр