Новости клуба

11 января Қайрат Аширбеков "Ордабасы" футбол клубының спорт директоры Қайрат Аширбеков  "Ордабасы" футбол клубының спорт директоры

"Ордабасы" КФК  спорт директоры  болып, белгілі футболшы,қазақ футболының майталманы Қайрат Абиханұлы  Аширбеков тағайындалды.

Шымкент футболының тәрбиеленушісі, Қайрат Аширбеков  1982 жылы 21 қазанда туған. Қазақстандық футболшылар арасында, барлық  ойнаған матчтар бойынша рекордсмендер қатарына кіреді.

    Өзінің кәсіби мансабындағы футбол карерасында  407 ойын өткізіпті.Оның , 200-ден астам матчын "Ордабасы" құрамында өткізді. Сондай-ақ "Ақтөбе" құрамасы сапында екі дүркін еліміздің чемпионы және күміс жүлдегері. Астананың  "Локомотив" командасы сапында күміс медальді жеңіп алды. Шымкенттің «Ордабасы» сапында  2011 жылы ел кубогының жеңімпазы,2012 жылы суперкубок иегері.Астана қаласында Қарағандының «Шахтерімен» болған шешуші ойында жеңіс голын соғып,Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолынан команда капитаны ретінде  суперкубокты қабылдап алды.  2017 жылы «Ордабасы» сапында қола жүлдегер атанды. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп, 15 матчта , 2 гол соқты. Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша  екі жыл қатарынан «Жылдың үздік футболшысы» атағына ие болды.

     2009 жылы Қайрат Аширбеков Қазақтың  спорт және туризм академиясында, «Жоғары білікті жас футболшыларды даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері» тақырыбында педагогика ғылымдарының кандидаты диссертациясын қорғаған.

    2018 жылдың маусым қорытындысы бойынша футболдағы карерасын  аяқтап, "Ордабасы" командасының  спорт директоры қызметіне кірісті. Клубта оның міндетіне құрамаға лайықты жаңа футболшыларды сұрыптау, резервтегі футболшыларды дайындау, спорттық мәселелерге байланысты  орын алған проблемаларды шешу кіреді.

Қайрат Абиханұлына "Ордабасы" футбол клубынадағы жаңа   жаңа қызметіне табыс ,чемпионатта жоғары орыннан көрінуге  тілектестік  білдіреміз.




comments powered by HyperComments

Матч-центр