Новости клуба

11 января Саян ХАМИТЖАНОВ «Ордабасы» КФК президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Саян ХАМИТЖАНОВ «Ордабасы» КФК президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Келісім-шарт бір жылға жасалды.

Осыған орай "Ордабасы" КФК президентінің кеңесшісі Саян Жақсыгелдіұлы Хамитжановпен сұхбаттасқан болатынбыз:

- Саян Жақсыгелдіұлы, сіздің «Ордабасы» КФК президентінің кеңесшісі болып тағайындалуыңыз күтпеген тосын жағдай болып тұр. Бұл тағайындау туралы өзіңіз не айтар едіңіз?
-Бірінші кезекте еске салып кетейін.Осыдан алты ай шамасы бұрын, «Астана» футбол клубынан маусым аяқталғаннан соң ,кететінім белгілі болғаннан кейін «Ордабасы» КФК басшылығы,бірлесе жұмыс істеуге ұсыныс жасаған болатын.Ол кезде маған нақты жауап берудің реті болмады.Оным дұрыс та болмас еді.Өйткені ол кезде «Астана» командасымен жоғары орындар үшін күресіп жатқан болатынбыз. Чемпионат аяқталған соң, біз бұл мәселеге қайта оралып, екі жаққа тиімді ортақ шешімге келдік. Алғашта қоғамдық негізде жұмыс жасағанымызбен басты мақсатымыз ортақ мәселелерді бірлесе шешу. Оны мен өзімнің бұған дейінгі сұхбаттарымды айтқан болатынмын. 
- Команданың жаңа маусымға жоспарлары қандай болмақ?
- Негізгі мақсатымыз чемпионатта алғашқы үштікке ену,немесе ел кубогында сәтті өнер көрсетіп жеңімпаз атану.Еуролига ойындарында «Ордабасы» командасы топтық кезеңдердің алғашқы раундтарынан өтіп көрген жоқ. Қазірге осы кездесулерде өзімізді таныту үшін жұмыс жасайтын боламыз.Барлық іске уақыт төреші! 




comments powered by HyperComments

Матч-центр