Новости клуба

12 ноября НИКИТА БОЧАРОВ: "КОМАНДАМЫЗДЫ ТЕК ЖЕҢІС ЖЕТЕЛЕДІ. НИКИТА БОЧАРОВ: "КОМАНДАМЫЗДЫ ТЕК ЖЕҢІС ЖЕТЕЛЕДІ.
"Ордабасы" командасының жартылай қорғаушысы, Никита Бочаров: Ордабасы"-"Атырау" - 1:0 есебімен кейін  өз  қуанышымен  бөлісті.

- Бүгінгі турнирлік кестедегі жағдай бізді тек жеңіс күтті. Қалған ойындар бір жерде бір кезеңде басталды.  Бізбен қарсылас болған әрбір командаға жеңіс  аудай қажет болды. Өйткені біздің басты қарсыласымыз  "Қайсар" , «Ақтөбеде»  жеңіске жетіп жатқанын білдік.  Сондықтан бүгін міндетті түрде жеңіске жету керек еді. Ия солай бүкіл ұжым болып тамаша нәтижеге қол жеткіздік, команда бір жұдырық болып  өте жақсы ойнады.Жаттықтырушы ойыннан кейін дәл осындай футбол бізді қуантатынын айтты. Менің ойымша, біз осы маусымда бар мүмкіндігімізге сай өнер көрсеттік.   Енді "Қайрат" Кубок финалында жеңіске жетіп жатса, бізге  Еуропа Лигасында ойнау мүмкін болар еді. Жанкүйерлер үшін жұмыс жасай береміз. 




comments powered by HyperComments

Матч-центр