Новости клуба

21 октября Григорий Бабаян: "Қарсылас команда өзінің жеңіске деген жігерлігімен, қайсарлығының арқасында тең ойынға қол жеткізді" Григорий Бабаян: "Қарсылас команда өзінің жеңіске деген жігерлігімен, қайсарлығының арқасында тең ойынға қол жеткізді"
 "Астана" командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Григорий Бабаян "Астана" - "Ордабасы" 1:1, матчынан кейін өз ойын өкінішпен білдірді:

- Ойын алдында команда құрамында белгілі жағдайдағы қиындықтар туындады.Біздің төрт футболшымыз, өкінішке орай ұлттық құраманың ойындарынан кейін жарақат алып оралды.Бұған қарамастан біз екі күн бойы жаттығуда осы ойыншылардың орнын жабуға күш жұмсадық. Менің ойымша, ойынды көрдіңіздер және жеткілікті сәттер өте көп болды.Өкінішке орай, біздің шабуылдарымызға нүкте қояр футболшы болмады.Қақпашының өрескіл сәтсіздігі бізді жеңісімізден айырды.Қақпашыға қандай кінә қоярымызды да білмейміз.Біз жіберген осы қателік мақсатымызды сәтсіздікке ұшыратты. «Ордабасы» командасына сәттілік серік болды.Қарсыластың қорғанысына құрмет көрсету керек.Команда ақырына дейін қайсарлықпен қорғаныста қырағылық танытты.Осының негізінде қаншама мүмкіндіктерді пайдалана алмадық.Тең ойын лайықты есеп болды деп, айтуымызға тура келеді.Бірақ біз өзіміздің артықшылықтарымызды пайдалана алмадық. Енді бізге Еуролигадағы ойындарға жан-жақты дайындалу керек.




comments powered by HyperComments

Матч-центр