Новости клуба

01 октября МАРЕК ЗУБ: «МАҢЫЗДЫ ДЕГЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІК» МАРЕК ЗУБ: «МАҢЫЗДЫ ДЕГЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІК»
«Тобыл» командасының  бас бапкері  Марек Зуб 28-ші   турдағы  «Тобыл»-«Ордабасы» 1-0 матчына орай өз қуанышын жасыра алмады:

- Маңызды деген жеңіске қол жеткіздік. Қарсыластар ойынды қорғаныс арқылы керемет ұйымдастыра білді. Тіпті, бізге шабуылшылар көп қиындық туғызды. Бірақ қаншама тырыссада,оларда  сәттілік жетіспеді. Қонақтар сапында  мүмкіндікті пайдалана алатын ойыншы болмады. Есесіне Нөсербаевтың алыстан теуіп салған добы, жанкүйердің төбесін көкке жеткізді.Бір марқайысып қалды. Футбол, жанкүйер көңілінен шықса команда үшін сол жеңіс. Енді, аздаған үзілістен кейін «Ертіс» командасымен күш сынасамыз. Одан соң чемпионаттың сөресіде көрініп қалады. Басты арманымыз біріншіліктің бір медалі болып тұр!




comments powered by HyperComments

Матч-центр