Новости клуба

24 мая «ОРДАБАСЫ» КУБОК ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАРЫСТАНДА ШЫҒЫП ҚАЛДЫ. «ОРДАБАСЫ» КУБОК ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАРЫСТАНДА ШЫҒЫП ҚАЛДЫ.

«Ордабасы» - «Қайрат» 1:1 (0:1). 11 метрлік пенальтиден - 3:4 

    Футбол өте күрделі ойын. Мұнда 90-минут шабуылдап байқаусызда енген бір голдың есебінен жеңіліп кетуің мүмкін. «Ордабасы» - «Қайрат» кездесуі дәл осылай өтті. «Қайрат» бұл кездесуге қосалқы  құрамада отырған жастарын жіберді. Ойынның негізгі бөлігі матчтың басты қахарманы  Стас Покатиловтың қақпасының маңында өрбіді. Тек қана алға деген «Ордабасы» қақпасына  ойынның бірінші кезеңі аяқталуына  санаулы секундтар қалғанда Ян Вороговский тамаша гол салды. Есеп 0-1

   Екінші таймда есепті өзгертуге күш салған алаң иелері 51 минутта қорғаушы Абикен Айболдың өз қақпасына гол салуына ықпал жасады. Қосымша берілген уақытта да қақпашы Покатиловтың жанкештілігінің арқасында  осы есеп өзгеріссіз қалды. Ойын соңынан болған 11-метрлік айып соққысын орындау кезінде «Қайраттың» қақпашысы өзінің қас шебер екенін дәлелдесе,Георги Дерменджиев шәкірттері пенальтиді орындауда әлсіз екендіктерін аңғартып қойды. Осылайша жалпы қорытынды  4-5 есебімен Алматының «Қайрат» командасының пайдасына шешілді. «Ордабасы»  ел кубогы жолындағы жарыстан да шығып қалды. Жанкүйер қауым бүгінгі кездесуге көңілі толмағанын жасыра алмады!      

 




comments powered by HyperComments

Матч-центр