Новости клуба

07 мая "Ордабасы" командасы "Ертісті" 1:0 есебімен еркін ұтты "Ордабасы" командасы "Ертісті" 1:0 есебімен еркін ұтты

 

"Ордабасы" командасы "Ертісті" 1:0 есебімен еркін ұтты

 

Гол салған: Бочаров Никита 54 (1:0) .

Ескерту алғандар ;Аврамия Адриан 7, Есімов Руслан 19, Воменко Владимир 41, Кисляк Сергей 51, Спахия Хрвое 64, Фонсека Карлос 70, Бекбаев Алмат (ойын біткеннен кейін)

Қатаң ескерту: Есімов Руслан 61.

 

Екі команданың ойыны тартыспен басталды.Керекуліктер қарап жатпай Нарзиқұлов қорғаған қақпаны жиі нысанаға алды.Алайда бірінші минуттан алаңға шыққан Ұлар Жақсыбаев  бастаған қорғаушылар бос келмеді. Ойынның екінші кезеңінде алаң иелері бірнеше мүмкіндікке ие болды.Сондай қарбаластың бірінде Никита Бочаровтың алыстан жасаған соққысы қақпа төрінен табылды. Есеп 1-0.

Дегенмен "Ертіс" футболшылары қаншама мүмкіндікді бағындыра алмады.Тіпті өрескілдігі үшін команда капитаны Р.Есімов алаңнан қуылды.Он ойыншымен қалған қонақтар үдеп кеткендей көрінді.Алдыңғы шептегі Фонсека бірнеше шабуылдардың бастаушысы болды.Дегенмен есепті  өзгертуге он ойыншының шамасы келмеді."Ордабасы" маңызды деген үш ұпайға ие болды. Ендігі сапар Алматы қаласында жалғасады!




comments powered by HyperComments

Матч-центр