Новости клуба

18 апреля «ОРДАБАСЫ» ОРАЛДА ЖЕҢІЛІСКЕ ҰШЫРАДЫ «ОРДАБАСЫ» ОРАЛДА  ЖЕҢІЛІСКЕ  ҰШЫРАДЫ

   Орал қаласындағы кездесу ойламаған жерден алаң иелерінің басымдығымен басталды. Мұндай қарсылықты күтпеген қонақтар абдырып қалды. Осындай қарбаласты пайдаланған «Ақжайық» кезекті бұрыштама кезінде Антиповтың шеберлігімен есеп ашты. Алайда арада аз уақыт өтпей «Ордабасы» ойыншылары өз алаңында өрескілдік танытып ойын ережесін бұзды. Осы жерден белгіленген 11- метрлік айып соққысын Нұрғалиев мүлтіксіз орындады. Бұдан кейінде кері кеткен жағдайды Георги Дерменжиев шәкірттеріне түзеуге болар еді. Дегенмен ортадаға төреші ойын ережесін бұзған Спахияға қызыл қағаз көрсетіп қатаң ескертумен алаңнан қуды. Он ойыншысы қалған «Ордабасы» қорғаныс арқылы шабуылдайтын тактиканы таңдады. Осындай бағытта Тимур Досмағамбетов  керемет гол салып есеп айырмасын қысқартты. Осы голдан кейін оралдықтардың сапында жарқырай көрінген  Есаола  екі рет қатарынан гол салып есепті 4-1 ге жеткізді. Мұндай нәтижені күтпеген  «Ордабасының» бас бапкері Георги Дерменжиев ойын соңынан болған баспасөз  мәслихатында, өз шәкірттерінің бүгінгі кездесуде қателікке бой алдырғанын атап өтті. Енді «Ордабасы» өз алаңында «Астана» футболшыларын қабылдайды. Біздің команданың басты сынағы осы кездесу болмақшы. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!




comments powered by HyperComments

Матч-центр