Новости клуба

09 апреля ТИМУР ДОСМАҒАМБЕТОВ: «БҮГІНГІ ОЙЫНДА ӨЗ МҮМКІНДІКТЕРІМІЗДІ ТОЛЫҚ ПАЙДАЛАНА АЛДЫҚ» ТИМУР ДОСМАҒАМБЕТОВ: «БҮГІНГІ ОЙЫНДА ӨЗ МҮМКІНДІКТЕРІМІЗДІ ТОЛЫҚ ПАЙДАЛАНА АЛДЫҚ»
 «Ордабасы» командасының орталық қорғаушысы Тимур Досмағамбетов  «Ордабасы» - «Ақтөбе» 3:1 матчына орай өз пікірін білдірді:  

- Кездесудің  алғашқы  таймында жылдам гол салып,ойындағы мүмкіндікті  өз қолымызға алдық.Осындай әрекеттің нәтижесінде  қарсыластарға бірінші таймда бірде-бір қауіпті шабуыл жасауға мүмкіндік берген жоқпыз.Олардың жасаған жалғыз шабуылы голмен аяқталды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан  керемет ойын өрнегін көрсете білдік.  Бүгінгі  ойында өз мүмкіндігімді пайдаланып өзім армандап жүрген голымды салғаныма өте қуаныштымын. Жəне де жауынға  қарамастан бізді соңына дейін қолдаған жанкүйерлерге алғысымды білдіремін.Біз олардың сенімін ақтаймыз.




comments powered by HyperComments

Матч-центр