Новости клуба

09 апреля «ОРДАБАСЫ» ӨЗ АЛАҢЫНДА «АҚТӨБЕНІ» АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ҰТТЫ. «ОРДАБАСЫ» ӨЗ АЛАҢЫНДА «АҚТӨБЕНІ» АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ҰТТЫ.

 «Ордабасы - Актобе 3:1 (2:1)

Гол салғандар : Ерланов Темирлан 14 (1:0) , Досмағамбетов Тимур 17 (2:0) , Милишевич Хрвое 44 (2:1) , Нагаев Иван 66 (3:1) .

 

   «Ордабасы» кездесуді шабуылмен бастады.Кешегі  «Ордабасының» қақпасын қорғаған қонақтар қақпашысы  Рамиль Нурмұхаметовке тыным болмады.Осының нәтижесінде ойынның 14-ші минутында кезекті бұрыштама кезінде Темірлан Ерланов өзгелерден биік секіріп баспен бағыттап есеп ашты. Есеп 1-0

     Араға үш минут уақыт салып оң жақтан шабуылды бастаған Тимур Досмағанбетовтың  жойқын соққысы қақпа торынан бір ақ шықты.Мұндай керемет голды жергілікті жанкүйер көптен бері көрмеген екен.Тамсана айтып жүретін болады. Неткен шеберлік.Жанкүйерлер орындарынан тік тұрып Досмағамбетовке құрмет жасап тұрды.Есеп 2-0

   Самат Смақов басқаратын «Ақтөбе» ортан қолды командалар қатарынан емес. Мухановтай дара бапкердің шәкірттері көп өтпей-ақ гол салуға мүмкіндік алды. Алаң ортасынан допты қабылдап алған Милишевич екі ойыншыны алдап барып шамамен 20 метрдей жерден соққы жасады. Қақпашы Нарзиқұловтың осал жерін дәл тапқан шабуылшының бұл соққысы қақпашының қолын қайырып барып  қақпаға енді. Есеп 2-1.      

     Ойының екінші кезеңінде  жанкүйердің сүйіктісіне айналған Иван Нагаев пен Еркебұлан Тұңғышбаев жұбы бірнеше мүмкіндіктер жасады. Осындай сәттің бірінде Нагаевтың соққысы бүгінгі кездесуге нүкте қойды. Есеп 3-1

  Қонақтар сапында Симчевич бастаған шабуылшылар бір гол салғанымен оны алаңдағы төреші  астаналық Марат Искаков есепке алмады. «Ордабасы» үшін келесі турдың ойыны сырт алаңда өтеді. Жерлестеріміз Батыс Қазақстанға аттанады.

 Орал қаласында «Ордабасыға» табыс тілейміз!  




comments powered by HyperComments

Матч-центр