Новости клуба

09 апреля Георги Дерменжиев: « Әр матч сайын ойынымыз жақсарып келеді». Георги Дерменжиев: « Әр матч сайын ойынымыз жақсарып келеді».
 «Ордабасы» ФК бас бапкері Георги Дерменджиевтің матчтан кейінгі баспасөз мəслихатында «Ордабасы» - «Ақтөбе» 3-1 матчы жайында ойын білдірді:

 -Біздің команда төртінші ойын қатарынан жеңіске жетіп мәртебемізді көтеріп отыр. Осы үшін өз шәкірттеріме  мен ризамын.Ойын алдында оларға бізде жаңа құрама, жаңа бапкер жəне жаңа тактикалық жүйе  пайда болғанын айтқан болатынмын. Ойыншылар мен барша жанкүйерлерді бүгінгі жеңіспен құттықтаймын. Әр матч сайын ойынымыз жақсара түседі деп ойлаймын. Біздің командаға жаңадан қосылып енді үйренісіп жатқан футболшылар бар.Мысалы аргентиналық Бертольоның ойыны әр тур сайын жаңарып келеді. Еркебұлан  Тұңғышбаев пен Иван Нагаев бір-бірімен  екі матчта бірлесіп ойын  өткізді.Мен ойлаймын олар алда бірін-бірі  өте жақсы түсініп кетеді деп.  Біз  әр  жаттығуда     командадағы  барлық  ойыншылар  еңбектеніп  жеңіс  үшін  жұмыс жасауы керектігін жиі айтамыз. Бұл мақсатымыз орындалып келеді.  

 




comments powered by HyperComments

Матч-центр