Новости клуба

03 апреля ИВАН НАГАЕВ: «ОЙЫННЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІНДЕ ГОЛ САЛУДЫҢ МҮМКІНДІГІ БОЛҒАНЫМЕН,ҚОРҒАНЫСТА АЛАҢ ИЕЛЕРІ САУАТТЫ ОЙНАДЫ» ИВАН НАГАЕВ: «ОЙЫННЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІНДЕ ГОЛ САЛУДЫҢ МҮМКІНДІГІ БОЛҒАНЫМЕН,ҚОРҒАНЫСТА АЛАҢ ИЕЛЕРІ САУАТТЫ ОЙНАДЫ»
 «Ордабасының» үздік шабуылшысы  Иван Нагаев  «Атырау» - «Ордабасы» 0:1 кездесуінен кейін өз ойын білдірді:

- Сырт алаңдағы кездесу біздің команда үшін аса қиын өтті. Бірінші таймды біздің басымдығымыз айқын болды. Тіпті гол салудың да реті бар еді. Алайда «Атырау» қорғаушылары сыр бермеді. Екінші кезеңде алаң қожайындары шабуылдаушы тактиканы таңдады. Дегенмен бізге жасанды алаңда доп тебу  көп жағдайға кедергі келтірді. Ондай алаңда ойнамағандықтан ойлаған мақсатымыз жүзеге аспай жатты. Дегенмен алаң иелері өрескілдікке көп барды. Сондай сәттің бірінде 11-метрлік пенальтиден гол салуға қол жеткіздік. Және маңызды деген үш ұпайға ие болдық. Ендігі ойындарымыздың барлығы да мықты командалармен өтеді.  




comments powered by HyperComments

Матч-центр