Новости клуба

01 апреля «Ордабасы» сырт алаңда жеңіске жетті. «Ордабасы» сырт алаңда жеңіске жетті.

«Атырау» — «Ордабасы» 0:1 (0:0) Гол салған : Диакате  11- метрлік айып соққысы  71 (0:1)

«Ордабасы» командасы тактикалық жағынан басым болды. Өткен ойындарда  сыр берген қақпашы Жасур Нарзиқұлов  өзін оң қырынан көрсете білді.Осының нәтижесінде ойынның екінші кезеңінде алаң иелерінің  жүйкесі 71 –минутта  сыр берді.Айып алаңында қонақтарды шалып жыққан атыраулықтардың қақпасына 11-метрлік айып соққысы белгіленді. Мұны штатты айып соққысын орындайтын Абдула Диакате өткендегі ойындағыдай қатесіз орындады. Есеп 0-1

  Осы голдан кейінде алаң  иелері барын ортаға салды.Алайда бір кездері өздерінің қақпалапын қорғаған Нарзиқұловтың осал жерін таба алмады. Есепті өзгертуге шамалары келмеді.  Осы жеңісінен кейін жерлестеріміз екінші сатыға көтерілді.

    




comments powered by HyperComments

Матч-центр