Новости клуба

27 января «ОРДАБАСЫ» РЕСЕЙ КОМАНДАСЫМЕН ТЕҢ ТАРҚАСТЫ  «ОРДАБАСЫ» РЕСЕЙ КОМАНДАСЫМЕН ТЕҢ ТАРҚАСТЫ

«Ордабасы» – «Краснодар» 3:3. (0:3)

Гол: Еркебұлан Тұңғышбаев,Абдулай  Диакате (2).

 «Ордабасы»: Нурмухаметов (Шайзада, 60), Зулфикаров, Бочаров, Шамши (Фонтанелло, 46), Ли (Абдрахман, 70), Ерланов, Тұңғышбаев, Төлебек, Тұрсынбай, Диакате, Даутов (Жақсыбаев, 80).

    Түркияның Анталья қаласындағы  «Калисто» стадионында екі команданың ойыны тартысты жағдайда өтті. «Краснодар» құрамында негізінен жастар өнер көрсеткен болатын. Ойынның бірінші кезеңі қонақтардың басымдығымен өтті. Осының да нәтижесінде олар қатарынан үш гол салуға  қол жеткізді. Үшінші голды 11- метрлік айып соққысы арқылы қақпаға енгізді.

 Ойынның екінші кезеңі мүлдем басқа бағытта өрбіді. Биылғы жылы капитан деген мәртебелі атқа ие болған Еркебұлан Тұңғышбаев  әдеттегідей қақпашымен бетпе-бет шығып барып есеп айырмасын қысқартты. Есеп 1-3.

     Ал кезекті шабуыл кезінде Диакатенің тепкен добын қақпашылардың бірі кері қайтарамын деп абайсызда өз қақпасына енгізіп алды.Есеп 2-3.  Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда биылғы маусымға ерекше дайындықпен келген Ұлар Жақсыбаев  Абдрахманның жеке шығуына мүмкіндік жасады. Алайда, Ресейдің  «Краснодар» ойыншылары оны өрескілдікпен шалып құлатты. Сол жерден белгіленген 11- айып соңққысын Абдулай Диакате  мүлт жібермеді .Қорытынды есеп  3-3.

   Енді, жерлестеріміз 27 қаңтар күні Грузияның «Самтредио» командасын қабылдайды. «Ордабасы» командасына жеңіс тілейміз! 




comments powered by HyperComments

Матч-центр