Новости клуба

23 января «ОРДАБАСЫ» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА.  «ОРДАБАСЫ» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА.

      Шымкенттің «Ордабасы командасы Түркияның Анталия қаласында жан-жақты  оқу-жаттығу жиындарын жалғастыруда. Бапкерлер сапына болгариялық маман Петко Петков қосылды. Ол бұған дейін болгарияның «Лудогорец» командасында Георги Дерменджиевпен бірге қызмет атқарған болатын. 49- жастағы маман кезінде  осы елдің «Септември» командасында,Сауд Арабиясының «Аль Наджима» командаларында бас бапкер болып қызмет атқарған екен.

    Бұған дейін құжаттық мәселелерге байланысты Түрік еліне келе алмаған сенегалдық Абдулай Диакате құрама сапына қосылып бірлескен жаттығуларын бастады.

   «Ордабасы» өзінің алғашқы халықаралық жолдастық кездесуін  хорватияның Загреб қаласының «Динамо» командасымен өткізді.Команданың бас бапкері Георги Дерменджиев алаңға мынадай  футболшыларды шығарды:

  «Ордабасы»: Нурмухаметов, Зулфикаров, Тұрсынбай, Йованович (Шамши, 70), Төлебек, Ковальчук, Бочаров, Тұңғышбаев, Ли, Даутов, Сикорский (Жақсыбаев, 65).

  Сынақ үшін алаңға шығарылған бұл футболшылар хорватиялықтарға қарсы тұра алмады.Өйткені оларда чемпионат орта беліне келіп қалған. Барлық команда өз-ара жақсы түсініседі. Сондықтан да қонақтар басым болды.  Қорытынды есеп: «Ордабасы» – «Динамо» Загреб 0:4 (0:2).

   Ендігі кездесу 24- қаңтар күні Ресейдің «Краснодар» командасымен өтеді.




comments powered by HyperComments

Матч-центр