Новости клуба

11 января Георги Дерменджиев "Ордабасы" командасының бас бапкері қызметіне кірісті.  Георги Дерменджиев "Ордабасы" командасының бас бапкері қызметіне кірісті.

Түркияның Анталия қаласында оқу- жаттығу жиынын бастаған "Ордабасы"  командасына бас бапкер ретінде  болгариялық маман Георги Дерменджиев таныстырылды. Команданың бас бапкері Георги Дерменджиев футболшыларды жаңа жылымен құттықтап,өзінің жылы лебізін білдірді: "Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып алдағы маусымда команданың алдында үлкен мақсаттар тұрғанын жеткізгім келеді. Ең бастысы сіздер оқу-жаттығу жиынында өздеріңізді жан-жақты көрсетіп,футбол алаңында жəне тұрмыста қатаң тəртіпке бағынуларыңызды міндеттеймін. Егер де сіздер бапкерлер құрамы қойған тапсырмаларын тиянақты орындап  мақсат жолдарында күрескерліктеріңізді көрсете білсеңіздер, біздің команда премьер-лигада да,Еуропа лигасында да жоғары нəтижелер көрсетеніне сенемін. Оны сіздермен бірге лайықты тұрғыда атқарамыз деп ойлаймын".            Естеріңізге сала кетеміз 63 жастағы Георги Дерменджиев бұған дейін (1998/99) болгарияның "Спартак" Пловдив, ( 2010/11 ) "Сливен"және "Лудогорец" командаларын баптады.

 

"Лудогорецпен" Болгария чемпионы -

(2011-2017)атанды.

Болгария кубогы- 2011-2012,  2013-2014.

«Литекс» - Командасы ел кубогы 2001-2002, 2003-2004.

Суперкубок жеңімпазы «Лудогорецпен» - 2011-2012, 2013-2014.

116 финал  УЕФА кубогы– 2005-2006, 2016-2017.

18 финал Европа лигасы– 2013-2014.

Чемпиондар лигасына қатысушы – 2014-2015, 2016 жылдар.

Сонымен қатар команда қақпашыларын баптайтын Александр Зайцев таныстырылды.Ол бұған дейін "Жетісу","Тобыл"командаларында қызмет етті.




comments powered by HyperComments

Матч-центр