Новости клуба

06 ноября ФУТБОЛДАН ПРЕМЬЕРЛИГА КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНҒАН «ОРДАБАСЫ»КОМАНДАСЫН МАРАПАТТАУ САЛТАНАТЫ.  ФУТБОЛДАН ПРЕМЬЕРЛИГА КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНҒАН «ОРДАБАСЫ»КОМАНДАСЫН МАРАПАТТАУ САЛТАНАТЫ.

Қажымұхан атындағы орталық стадионы мерекелік нышандармен безендірілген. Қазақстан Республикасының жалауы биік  тұғырға бекітілді.Өйткені бүгін Қажымұхан атындағы орталық стадионды ерекше салтанатты мереке. Облыс тарихында бірінші рет талай таланттарды тәрбиелеп шығарған «Ордабасы» командасы Қазақстан чемпионатының қола медалін жеңіп алды. "Ордабасы" өз тариxында болмаған ұлы белесті бағындырды!

       Дүниежүзі бойынша дамып отырған футбол миллиондаған адамдардың жанына серік еткен ұлы ойынына айналып келеді. Футбол ержүректі қайсар жігіттердің өміріне арқау болған ұлы дода.Сол арқылы олар мыңдаған азаматтарға мерекелік көңіл-күй сыйлай алады. Футбол бәріміздің ортақ мерекеміз! Қола медаль бәріміздің ортақ медаліміз! Осылай деген облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы,Қазақстан футбол федщерациясының президенті Сейлда Байшақовпен чемпионаттың қола медалін жеңіп алған «Ордабасы» командасын құттықтады!

    Еліміздің футболдан премьер-лига командалары арасында облысымыздың намысын қорғайтын Шымкенттің “Ордабасы” футбол командасы - әрбір оңтүстікқазақстандық жанкүйерлердің жүрегіне жол тартқан команда.Бұған дейін 2014-2015-2016 жылдары 4- орынға ие болып,Еуропа лигасында өнер көрсеткен «Ордабасы» биыл өз тарихында тұңғыш рет қола медальді жеңіп. Бұл биіктікке команданы Ресей маманы Алексей Петрушин бастап шықты.

         Отандық футболдың туын биікте желбіретіп келе жатқан Шымкенттің «Ордабасы» кәсіби футбол командасы биылғы жылы мықты футболшылармен жасақталды.Құрамада өз облысымыздың таңдаулы футболшыларымен қатар шет елдерден де шебер ойыншылар шақырылды. Бір тудың астына жиналған команда бірлігін көрсетіп өздерінің мықтылығын жасыл алаңда дәлелдей білді.

Жеңімпаздарды құттықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы сөз алды:

- Ордабасы» футбол клубы – облысымыздың бет-бейнесі. Осы команданың жарқын жетістіктері арқылы,чемпионатта жеңіп алған қол медальі арқылы біздің облысты бүкіл әлемг жұртшылығы танитын болады.Заманауи талаптарға сай қайта жабдықталған Қажымұхан атындағы стадионда өздеріңізбен тарихи сәтке куә болып отырмыз.Осындай жеңіске жеткізген футболшылар есімі спорт даңқының беттерінде алтын әріптермен жазылып қалары сөзсіз. Қазақстан футболының келешегі - жергілікті талантты жастардың қолында, жанкүйерлердің жүрекпен жасаған қолдауының арқасында «Ордабасы» командасы алдағы жылдары бұдан да биікке көтеріледі деп сенеміз! Алға «Ордабасы»! Қола медаль құтты болсын Ағайын!

Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлымен,Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов футболшыларға қол медаль наградаларын тапсырды.Қандай себеп болғанын қайдам 15 жыл бойы осы клубтың ыстық суығына төзіп жүрген біздің аты жөніміз айтылмай қалды. «Ордабасы» ойындарын БАҚ арқылы терең насихаттап жүрген біздің жұмысымыз,ел алдында ел чемпионатында қола медальді жеңіп алған «Ордабасы» командасының марапатында ескерілмей, олармен бірге күйіп жанып жүрген біздің атымыз айтылмай қалды.Қапаланайын десек клуб президенті Б.Байсейтовке де сол жерде медаль жетпеді. Оны тасада жүрген бір пенделердің парасатсыз жасаған озбырлығы екенінде жақсы білеміз.... Мына жасалынып жатқан құрмет,жанкүйерлердің ыстық ықыласы біздерге жасалынып жатқан құрмет деп тез ұмытуға тырыстық! Жеңімпаздар жасасын! «Ордабасы» командасының жеңісі облыс халқының ортақ жеңісі .Жеңістеріңіз құтты болсын!




comments powered by HyperComments

Матч-центр