Новости клуба

05 ноября «ОРДАБАСЫ» ЧЕМПИОНАТТЫ ЖЕҢІСПЕН АЯҚТАДЫ.  «ОРДАБАСЫ» ЧЕМПИОНАТТЫ ЖЕҢІСПЕН АЯҚТАДЫ.

Гол салғандар : Досмагамбетов Тимур 40 (0:1) , Йорданов Преслав 51 (1:1) , Недашковский Олег 56 (1:2) , Йорданов Преслав 80 (2:2) , Йорданов Преслав 87 (3:2) .

      Чемпионаттың қола медалін алдын-ала иеленіп қойған «Ордабасы» командасы  үшін соңғы түйенің жүгі ауыр болды. «Оқжетпес» командасына  жеңіс ауадай қажет болатын.  Сондықтан да қонақтар шабуыл тізгінін бірден қолға алды. Кездесудің 40 минутында  жеке-дара қалған Тимур Досмағамбетов асқан шеберлікпен есеп ашты. Есеп 0-1

    Ойынның екінші кезеңінде алаң иелерінің бас бапкері Алексей Петрушин алаңға чемпионат бойында бір тынбай әбден діңкелеп  шаршаған А.Гейнрихтың орнына Преслав Йордановты шығарды. Екінші тынысы ашылған болгариялық футболшы бірден қақпаға ден қойды. Осының да нәтижесінде  51-минутта баспен бағыттап тамаша гол салды. Есеп 1-1

     Алайда қонақтар қарап қалмады. Екі қанаттан қайта шабуылға көтерілген көкшетаулықтар көп ұзамай тағы бір гол салуға қол жеткізді.  Қорғаушылардың бақылуынсыз қалған Олег Недашковский жойқын соққы жасап Алмат Бекбаевты қапы қалдырып қана қоймай,  қонақтарды  тағы да алға шығарды.  Есеп 1-2

    Жанкүйер қауымның соңғы турды жеңіліспен аяқтаймыз ба деген күдігін сейілткен Преслав Йорданов екінші  рет  ерекшелігімен көзге түсті. Бұл ретте Еркебұлан Тұңғышбаев бастаған шабуылға нүкте қойған Преслав  таразы  басын  тағы да  теңестіріп  кетті. Есеп 2-2.

    Осы голдан кейін екі команда да аянып қалмады. Дегенмен бүгінгі ойында өзін үздік қырынан танытқан Преслав Йорданов шын шебер екенін дәлелдеп үшінші голдың авторы атанды. Оның айып алаңынан жасаған соққысы қола медаль иегерлеріне  тамаша жеңіс силады. Есеп 3-2.

    Таблодағы есеп ойын соңына дейін өзгеріссіз қалды. Осылайша чемпионатты жеңіспен бастаған «Ордабасы» соңғы кездесуді де жеңіспен аяқтады. Бұдан соң жеңімпаз командаға чемпионаттың  қола медалін тапсыру рәсімі өтті.Оны Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов жасады.   




comments powered by HyperComments

Матч-центр