Новости клуба

02 ноября «ОРДАБАСЫ» СЫРТ АЛАҢДА «АҚТӨБЕ» КОМАНДАСЫНАН ҰТЫЛДЫ.  «ОРДАБАСЫ» СЫРТ АЛАҢДА  «АҚТӨБЕ» КОМАНДАСЫНАН  ҰТЫЛДЫ.

«Ақтөбе» - «Ордабасы» 2:0 (0:0)

Гол салғандар: Муарем Муарем 55 (1:0) , Шимкович Томаш 76 (2:0) .

   «Ақтөбе» командасының чемпионаттағы жағдайы көңіл қуантпайды. Атағынан ат үркітен баяғы «Ақтөбе» премьерлигамен қош айтысатын қауіпті аймақта тұр. Сондықтанда өз командасына қайта оралған Владимимр Муханов шәкірттерін өз орнын сақтап қалуы үшін жеңіс құтқарады.Осыны түсінген алаң иелері шабуылдаушы бағытты таңдады. «Ордабасы» қорғаныс арқылы қарымта шабуылға шығып отырды.Ойынның бірінші кезеңі тең дәрежеде өтті. Қаншама ұмтылыс болғанымен екі жақтың да қақпашы бос келмеді. Ойынның екінші кезеңіне ұмтылыспен шыққан алаң қожайындары гол салуға қол жеткізді. Айып соққысынан мүлт кетпеген Муарем кездесудің 55-минутында есеп ашты.Есеп 1-0

    Кезінде осы алаңда бағы жанып ел чемпионы атанған Қайрат Әширбеков өзі бастап бірнеше мүмкіндіктер жасағанымен гол салудың реті келмеді. Есесіне «Ақтөбе» екінші рет «Ордабасы» қақпасына доп салды. Белсенді футболшы атанған Шимкович жойқын соққы жасап есепті 2-0 ұлғайтты. Есеп 2-0.

     «Ордабасы» командасының бас бапкері алаңға жас талант екі жылдан бері қосалқы құрамда өз шығысын күтіп отырған  Ұлар Жақсыбаевты шығарды.Ұлардың алаңда өзін алып жүруі батыл болғанымен есепті өзгертуге ойын тәжрибесі аздық етті. Осылайша есеп 2-0 күйінде «Ақтөбенің» пайдасымен аяқталды.  Енді жерлестеріміз 5-қараша күні өз алаңында чемпионаттың ең соңғы ойынын Көкшетаудың «Оқжетпесімен» өткізеді. Осы команданы біздің команданың бұрынғы басшылары басқарады. Және футболшылардың басым бөлігі «Ордабасыдан» барған ойыншылар. Сонымен қатар осы ойыннан кейін «Ордабасы» командасына чемпионаттың қола медальін тапсыру рәсімі өтеді. Жылдар күткен жеңісті сәтті тамашалаймын деген барлық жанкүйерлер осы күні командамен бірге болады.

 Жеңісті күндеріміз көп  болсын!  




comments powered by HyperComments

Матч-центр